Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖЫЛ БОЙҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

14.12.2020 612
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 14 желтоқсанда Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген онлайн отырысын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба «Орфографиялық жұмыс тобының 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылға арналған жұмыс бағыттары» жөнінде баяндама жасады.

Төраға айтып өткендей, «Мемлекет басшысының 2019 жылғы 21 қазанда бекітілген әліпбиді жетілдіруге қатысты берілген тапсырмасы негізінде ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының бекітуімен «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» әзірленді. Жоспарға сәйкес республика бойынша жастардың, студенттердің, жазушылардың, журналистердің және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ашық талқылаулар, сынама жұмыстары өткізілді. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде қоғамдық пікір ескеріліп, азаматтардан, ғалымдардан келіп түскен 30-дан астам әліпби жобалары қаралды».

Әліпбиді жетілдіруге байланысты ағымдағы жылы Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының
8 отырысы өтті. Бұл ғылыми мәжілістерде қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің, жаңа әліпбидің орфографиялық ережелерінің мәселелері және клавиатура мен символдардың ІТ технологияларға сәйкестігі талданып, талқыланды. Сондай-ақ қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі отандық және халықаралық деңгейде де кеңінен қаралды. Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова және Ресей сияқты 5 елдің ғалымдары қатысқан халықаралық семинар-кеңес өткізілді. Бұл ғылыми бас қосуда қазақ, әзербайжан, қарақалпақ, ноғай, өзбек, татар, түрік, тыва және хакас тілдерінің әліпби жасаудағы тәжірибелері талқыланды.

Сонымен қатар 1991 жылы Халықаралық ғылыми симпозиумда қабылданған Ортақ түркі әліпбиінің және Халықаралық фонетикалық әліпбиінің ғылыми-практикалық негіздері сараланған латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасы дайындалды. Бұл жоба еліміз бойынша мамандар тарапынан ашық талқылаудан және апробациядан бірнеше рет өткізілді.

Ендігі кезекте жетілдірілген әліпби, емле ережелері және пернетақта жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысының қарауына енгізу міндеті тұр.

Аталған міндетті орындау осы онлайн бас қосудың басты мақсаты еді.

«Қазақ тілінің латыннегізді әліпбиіне арналған пернетақта жобаларын сараптау және әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының қорытынды ақпаратын ұсыну» туралы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, жұмыс тобының мүшесі Нұрлыхан Аитова айтып берді.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова «Қазақ тілінің жаңа емле ережелері жобасын талқылау» туралы баяндама жасады.

Шараға жобаның жұмыс тобы мүшелері мен елімізге танымал сала мамандары, сонымен қатар бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Тегтер: орфографикалық жұмыс тобының жылжабар жиналысы
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

257

ақпарат

«ҚОЛАҢ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ

197

ақпарат

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТОЛЫҚ ЖАЗЫЛУЫ

308

ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ ТАРЛАНБОЗЫ