Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ПЕРНЕТАҚТА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

3.12.2020 683
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 3 желтоқсанда Орфографиялық, Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жұмыс топтарының бірлескен онлайн отырысын өткізді.

Шараның басты мақсаты жетілдірілген әліпби әріптерінің пернетақтада орналасу тәртібіне, қазақ ұлттық пернетақтасының лингвостатистикалық негіздеріне қатысты мәселелерді талқылап, бекітуге ұсынылатын пернетақта нұсқасын таңдау еді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов өзінің кіріспе сөзінде аталмыш шараның Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 9 қарашасында берген тапсырмасына орай ұйымдастырылып отырғанына тоқталды.

«Жетілдірілген әліпби әріптерінің пернетақтада орналасу тәртібін нақтылау қажет, сондай-ақ қазақ ұлттық пернетақтасының жобасын жасауда әріптер мен буындардың қолданылу жиілігіне қатысты лингвостатистикалық мәселелерді осындай бірлескен отырыста талқылап отыру өте маңызды», – деді ол.

Бұдан кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Айман Жаңабекова – «Қазақ ұлттық пернетақтасының лингвостатистикалық негіздері», Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, IT маманы Рымбек Ізғали – «Жетілдірілген қазақ әліпбиін пернетақтада орналастыру мәселелері» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

Бірлескен басқосу барысында жетілдірілген әліпбиге арналған пернетақта жобаларына байланысты әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылды. Бұл мәселе Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша құрылған төрт жұмыс тобының алдағы бірлескен отырысында жалғасын табатын болады.

Онлайн жиынды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек жүргізді.

Тегтер: пернетақта мәселесі қаралды
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

257

ақпарат

«ҚОЛАҢ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ

197

ақпарат

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТОЛЫҚ ЖАЗЫЛУЫ

308

ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ ТАРЛАНБОЗЫ