«ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫНЫҢ» ЖАҢА САНЫ

Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, 2020 жылғы №2 (39) жаңа саны жарыққа шықты. Басылымның алғашқы беті Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір ұйымдарға атау беру және қайта атау туралы Қаулысымен аш...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 қараша, 2020

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫН ТАРИХТАҒЫ ӘУЕЛГІ АТАУЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЙЕЛЕУ БАСТАЛДЫ» деп аталатын мақала осы жұмыстардың түпкі тамырына талдау жасайды: «Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары арқылы көрініс табады. Сол секілді қазақ елінің жер-су атаулары да халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар. Өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді) тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді) елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттеп, тарихи атауларына келтіру ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Белгілі бір өңірдің ономастикалық атауларына қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, әрқилы замандарда көптеген өзгеріске ұшырап, ұмыт бола бастаған жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылы тарихи диахрондық әдіс арқылы ономастикалық атауларды жүйелеу жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды».

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәуле ИМАНБЕРДИЕВА «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ» туралы жазса, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зарқын ТАЙШЫБАЙ «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ СЫН ЕСІМ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ТОПОНИМДЕРГЕ» тоқталады.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Алмагүл ӘДІЛОВА «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГИДРОНИМДЕРІ» жөнінде кеңінен әңгімелейді.

Хабаршының жаңа санымен жақын арада «Атау кз» сайтына өту арқылы толықтай таныса аласыздар. Бұл туралы бізге орталықтың редакциялық-баспа басқармасының басшысы Ә.Сергібаев хабарлады.


Баға беріңіз