«АБАЙ ИНСТИТУТЫ» ПОРТАЛЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 18 қараша к...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 қараша, 2020

Ашық білім беру жобасының басты мақсаты - Қазақстанда және шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирриденттерге қазақ тілін оқыту, қазақ тілінде ашық білім беруді ұйымдастырып, Абайдың шығармашылығын, қазақ тілін, әдебиеті мен фольклорын, ұлттық мәдениетімізді насихаттау.

Шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, шетелдердегі Қазақстан Республикасы Елшіліктерінің жауапты мамандары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері, Түркия, Иран, Ресей, Бельгия және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқытып жатқан кураторлар мен Бразилия, Франция, Германия, Өзбекстан, Моңғолияда тұрып жатқан бауырларымыз қатысады.

Журналистер үшін «Тіл-Қазына» орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тұсаукесер рәсімінен тікелей эфир ұйымдастырылады.

Өтетін уақыты: 2020 жылғы 18 қараша.

Басталуы: 16:00.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, "Достық үйі".



Баға беріңіз