Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«КӨНЕ СӨЗДЕРДІҢ БҮГІНГІ МАҒЫНАСЫ»

6.11.2020 686
«Ана тілі» ұлт газетінің 2020 жылғы 5 қарашадағы №45 санында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Гүлфар Мамырбектің осы аттас мақаласы жарық көрді.

«Тіліміздің түп бастауы болып табылатын көне түркі, орта түркі, одан кейінгі жаңа түркі дәуірлеріндегі жазба тіл қазіргі әдеби тіліміздің дамуының, қалыптасуының қайнар көзі. Жазба дүниелердің барлығы өз кезеңіндегі жазу дәстүрінің қатаң нормасына бағынғанымен, бірте-бірте әр ұлттың жекелеген әдеби тілдерінің дамуына үлкен жол ашты, яғни жазба тілдегі норма адамзаттың рухани ізденістері мен сұраныстары нәтижесінде бірге дамып, толығып отырады. Ғалымдардың «қазақ халқын құраған ру-тайпалар өздерінің мәдени өмірінде бірсыпыра уақыт бойы жазба әдеби тіл ретінде түркітілдес халықтардың сауатты ұрпағына жақсы таныс және ортақ болған түркі әдеби тілін пайдаланды» (Б.Әбілқасымов), «қазақ әдеби тілі қазақ ру-тайпаларының халық болып өз алдына отау тіккен XV-XVI ғасырлардан бастап қалыптасты, бұл кезеңдерде ауызша әдеби тіл және жазбаша әдеби тіл қатар өмір сүрді» (Р.Сыздықова) ­деген тұжырымдары қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуге берілген дұрыс бағыт-бағдар болды»,деп бастайды автор ой толғауын.

Мақаланың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар:http://anatili.kazgazeta.kz/news/58615

Тегтер: Гүлфар Мамырбектің "Ана тілі" ұлт газетінде жарық көрген мақаласы
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

773

ақпарат

Қыркүйек/қыргүйек; көкөніс/көгөніс; шекара/шегара сөздерінің емлесі жайында

356

ақпарат

ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУДАН ТУҒАН ОЙ

1093

ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ СТАНДАРТТАУ МЕН ЖҮЙЕЛЕУ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ