Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖАРНАМА ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНДЕР ТУРАЛЫ

30.10.2020 377
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 4 қарашада «Жарнама тіліндегі терминдер қолданысы» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн семинар өтеді.

Онлайн-семинардың мақсаты – жарнама терминдерінің қолданыс аясын кеңейту жолдары, бизнес, қоғаммен байланыс, жарнама құралы терминдеріне балама табу т.б. өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсыну. Қазақ тіліндегі салалық терминдердің қолданыс аясын кеңейту терминологияның басты міндеті болып табылады. Ол үшін салалар бойынша терминдер баламасын, аудармасын терминжасам тәсілдеріне сәйкес ұсыну, оны ұтымды қолданысқа енгізу аса маңызды. Семинар барысында сараптамадан оң пікірге ие болған терминдерді Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясына мақұлдауға ұсыну семинар талқылауының өзегі болмақ.

Іс-шара пікірталас, сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылады.

Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кенже Күркебаев, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шурентаев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Балгенже Қарағұлова «Тұран» университетінің аға оқытушысы (Алматы), менеджмент магистрі Жарылқап Жарылқасын қатысады.

Семинар барысын сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық ZOOM платформасы арқылы көре алады. Бұдан басқа баяндамашыларға сұрақ қойып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылауға мүмкіндігі бар.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Байланыс телефондары: факс: 8 (7172) 408397

тел: 8 (7172) 273042

ұялы: 87016752660

е-mail: info@tilqazyna.kz

Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 4 қараша

Басталу уақыты: 10:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7/а, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ конференц-залы.

Тегтер: жарнама тіліндегі терминдер туралы онлайн семинар
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

98

ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

80

ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ НЕМЕСЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

238

ақпарат

ПЕРНЕТАҚТА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ