Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Алматы қаласында ҮЕҰ өкілдеріне арналған семинар өтеді

16.9.2020 144

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «Лұғат» қоғамдық қоры Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту, ҮЕҰ қызметінде мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру үшін 23 қазан күні семинар ұйымдастырады. Курстың мақсаты: Қазіргі қазақ тіліндегі бес стильдің бірі ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды, оның ішінде ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарын, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданатын әдіс-тәсілдерін (технологияларын) жетілдіру.Конференция барлығы 2 сағат 30 минутты қамтиды. Семинар тақырыбы: Іс –қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және іскерлік әлемдегі тілдік коммуникация. Курста мынадай мәселелер сөз болады:

•ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру. Оның ішінде: Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының құжаттары, Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу құжаттары,Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың құжаттары, басқа да үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдардан ұсынылған байқаулар мен жобаларға арналған құжаттар;

•Жалпы қазақ ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарға талдау жасай білу;

•ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарына, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуде қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер (технологиялар). Ұлттық этикет үлгілерін білу: сәлемдесу, танысу, рұқсат сұрау, кешірім сұрау, қоштасу;

•Адамдармен сөйлесу кезіндегі бейвербалды құралдарды пайдалана білу, денені дұрыс ұстау, үйлесімді қимыл жасау және қозғалу әдептері, көпшіліктің назарын өзіне аударту және аудиториямен байланыс, сенімділік, әсерлілік, ділмарлық, дауыс ырғағы, тыңдаушыларды қызықтыра білу. Семинарды Республикамызға танымалспикерлер жүргізеді. Атап айтар болсақ, ф.ғ.к., тренер, коуч Дүсіпбаева Қарлығаш және п.ғ.м., аға оқытушы Әміреев Нұрлан.

Әміреев Нұрлан қазақ ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды дұрыс толтыра білу, конкурстық өтінімдер мен жобалар ұсыну кезінде осы құжаттарға сүйене білу: үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының құжаттары, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу құжаттары, басқа да үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдардан ұсынылған байқаулар мен жобаларға арналған құжаттар жайлы әңгімелейді. Ал Дүсіпбаева Қарлығаш ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарында, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде жаңаша әдіс-тәсілдерді (технологияларды) қолдану, ұлттық этикет, іскери этикетті білу, сөйлеу энергетикасын, импровизацияны қолдану; адамдармен сөйлесу кезіндегі бейвервалды құралдарды пайдалана білу, сөйлеудегі креативтілік, көпшіліктің назарын өзіне аударту және аудиториямен байланыс түрлері, адамға әсер етудің 8 жолы туралы айтады.

Семинар соңында қатысқан ҮЕҰ қызметкерлеріне арнайы сертификаттар мен әдістемелік құралдар тапсырылады. Семинарға Алматы қаласы бойынша әрбір ҮЕҰ (НПО)-нан кемінде бір қызметкер қатысуы тиіс.


Байланыс телефоны: 87476191898

Тегтер: #qogamgov, #cisc2020
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

98

ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

80

ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ НЕМЕСЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

238

ақпарат

ПЕРНЕТАҚТА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ