Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ ТИЯНАҚТАЛА ТҮСТІ

13.10.2020 546
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылғы 13 қазан күні Орфографиялық жұмыс тобының онлайн отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 21 қазанындағы тапсырмасына орай, латыннегізді қазақ әліпбиін жетілдіру бойынша Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Әдістемелік, Сараптама және Техникалық жұмыс топтары мен тәуелсіз сарапшылар бекітілген әліпбиге қатысты бірнеше рет ресми отырыстар ұйымдастырып, талқылау, сараптау жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның барысында қазақ тілінің әліпби түзу қағидаттарына және халықаралық UNICODE жүйесіне сәйкестігі сарапталып, диакритикалық белгілер таңдалды. Онлайн бас қосудың өзектілігі: латыннегізді әліпбиге көшу үрдісі қорытынды кезеңге таяды.

Осы себепті күн тәртібіндегі мәселе өте өзекті.

Шара барысында әліпби жобасындағы диакритикалық белгілердің тиімділігі мен бірізділігін талқылау және әліпби нұсқасын апробациядан өткізу жайы қаралды.

Әуелгі кезекте әліпбидің жаңа жобасындағы диакритикалық таңбаларды біріздендіру мәселесі жөнінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова жан-жақты баяндап берді.

Түркітілдес елдер арасында латын қарпіне бұрыннан көшкендер бар. Біразында әжептәуір практика қалыптасты. Диакритикаларды қолдану барысындағы осындай халықаралық тәжірибе біраз мәселенің оң шешім табуына себепші бола алады.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Гүлфар Мамырбек аталмыш бағытты өз талдауында нақты мысалдар арқылы жеткілікті қамтыды.

Жарыссөзге қатысқан сала ғалымдары әр диакритикалық белгілердің фонетикалық және графикалық негіздемесін талқылауға көңіл бөліп, әліпби жобасындағы диакритикалық белгілердің дыбыстық мәнді дұрыс беру функциясын саралады, әліпби жобасындағы диакритикалық белгілердің жүйелігіне баса назар аударды.

Бұдан басқа әліпби жобасының жазылым мен оқылым жүйесіндегі артықшылығы мен кемшілігін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан анықтау мақсатында апробациядан өткізу мәселесі талқыланды.

Тегтер: әліпби жөніндегі отырыс, диакритикалық белгілер туралы
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

29

ақпарат

Мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша семинар

106

ақпарат

2 МИЛЛИОНДЫҚ АУДИТОРИЯСЫ БАР STAN.KZ-ТІҢ «ДИКТАНТ» ЖОБАСЫ

216

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ