Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МЕРЕКЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

30.9.2020 308
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 30 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері мерекесін қорытындылады.

Шараны Бас директор Әлібек Асқар кіріспе сөзімен ашып, мереке аясында өткізілген шараларға қысқаша шолу жасады.

«Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орайластырылып жыл сайын қыркүйек айы түгелдей тіл шаралары, тіл фестивалі ретінде өңір-өңірлерде кеңінен аталып өтіледі. Еліміз бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, конкурстар, сұхбаттар, теле, радио бағдарламалар, марапаттаулар, құттықтаулар түрінде жүздеген шаралар ұйымдастырылды. Нақтылап айтсақ, облыстық, НұрСұлтан, Алматы жəне Шымкент қалалық тілдерді дамыту басқармалары барлығы 485 іс-шара, өңірлік тілдерді оқыту орталықтары – 130-дан астам іс-шара өткізуді жоспарлады. Бір ғана Тілдерді оқыту орталықтарының ұйымдастыруымен барлығы 600-ден астаміс-шара өткізілді», деп атап көрсетті.

Фейсбукжелісіндегі ОНЛАЙНДА БОЛпарақшасында «Қашықтан оқып, тіл үйрен!» акциясы мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы бірден бір ауқымды істің бірі болды.

Сондай-ақ «Тағзым мен тағылым», «Тіл шебері», «Оқытушылардың А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы», «Түркі әлемі: тілдік ахуал, латын әліпбиі және әдістеме» тақырыбындағы халықаралық семинар-кеңесі, тіл жанашыларымен өткен «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» онлайн конференциясы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерген шаралардың бірі болды.

Шарада мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолында еңбек етіп жүрген облыстық, қалалық, өңірлік тілдерді оқыту орталықтарының үздік тіл мамандары, үздік әдіскерлері мен үздік бағдарламашылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Тегтер: мереке қорытындысы, онлайн отырыс
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

175

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ: ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

423

ақпарат

«АБАЙ ИНСТИТУТЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

83

ақпарат

Алматы қаласында ҮЕҰ өкілдеріне арналған семинар өтеді