Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.9.2020 341
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылғы 24 қыркүйек күні «Ресми құжаттарда бекітілген терминдердің қолданылу мәселесі» тақырыбында тіл жанашыларымен онлайн режімде кездесу ұйымдастырды.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба күрмеуі қиын термин мәселесі төңірегінде тер төгіп келе жатқан кездесуге қатысушылардың жұмысына сәттілік тілей отырып, мәселенің маңызына ерекше тоқталды.

«Біз қолданысқа енген терминдерді әр сала бойынша зерделеп келе жатырмыз. Бүгін мемлекеттік тілді дамытудағы өзекті және маңызды мәселенің бірі – ресми-іскерлік жазбаша қарым-қатынас туралы мәселені қарастыратын боламыз. Мұны назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені, халықаралық қатынастар, билік пен халықтың арасындағы, кәсіпорын мен ұйымдар, мекемелер арасында, жеке тұлға мен қоғам арасындағы байланыс ресми құжаттар арқылы жүзеге асады. Ал, олардың көпшілікке түсінікті тілде кең қолданысқа ие болуы қазіргі таңда өз деңгейінде емес», – деді ол.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясы отырыстарында мақұлданған терминдер жайы, мемлекеттік тілдегі ресми құжат тілінің сапасы, ресми құжаттарда бекітілген термин қолданысының қазіргі жағдайы,практик мамандардың ұсыныстары жан-жақты талқыланды.

Әбден пісіп-жетілген мәселелер туралы сөйлеушілер нақты дәйекпен айтып бақты. Күнделікті өмірде жиі кездесетін келеңсіз жәйттер сынға алынды.

Әділбек Күнесханұлы бұдан бұрынғы кездесулерде мәлімдегендей, әр талқылаудың нәтижесі кездесуге келген министрлік өкілдері арқылы жоғары биліккежеткізілетін болып шешілді.

Онлайн-кездесуге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Назигүл Төленбергенова, Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистикалық орталық басшысы Нұрзада Примашев, «Самұрық-Энерго» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы, филология ғылымдарының кандидаты Асылжан Төрениязова, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті Мемлекеттік тіл басқармасының басшысы Гүлнар Қисықова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Құжаттамалық қамтамасыз ету және лингвистикалық қолдау басқармасының бас менеджері Алма Шоқаева қатысты.

Іс-шараға сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, тіл жанашырлары ZOOM платформасы арқылы қатысып отырды. Қатысушылар онлайн режімде Тіл саясаты комитетінің төрағасына, кездесуде пікір білдірушілергесұрақтарын қойып, көтерілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.

Тегтер: ресми құжат термині туралы тіл жанашырларымен кездесу
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

29

ақпарат

Мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша семинар

106

ақпарат

2 МИЛЛИОНДЫҚ АУДИТОРИЯСЫ БАР STAN.KZ-ТІҢ «ДИКТАНТ» ЖОБАСЫ

216

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ