Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

22.9.2020 371
Бұл қазақ тілінің латыннегізді әліпбиге көшу үрдісі туралы жиі айтылатын пікірдің біреуі ғана. Қазіргі технологиялық, жаһандық заманда Қазақстанның латын графикасын таңдауы – мемлекеттік деңгейдегі маңызды шешім екені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Алайда, бұл өздігінен бір күнде бола салатын нәрсе емес.

Журналист Айнұр Шамшейітовамен бүгінгі сұқбат иесі – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Гүлфар Мәжитқызы Мамырбек.

Латын қарпіндегі әліпбиге көшу – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қа­зақ­тарының рухани тұтастығын қамта­масыз ететін бірегей қадам, мемлекеттік тіліміздің халықаралық дәрежеге шығып, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен жақындасуына мүмкіндік береді. Ана тілімізге компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігу үшін жол ашылады. Ең бастысы түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуімізге латын тілі алтын көпір болмақ.

Осы және басқа да ақпараттар алғыңыз келсе, сұқбаттың толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша танысыңыздар: https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/news/7937/

Тегтер: радиоға сұқбат, шалқар, сөйлеу мәдинеті, гүлфар мамырбек
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

177

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ: ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

423

ақпарат

«АБАЙ ИНСТИТУТЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

83

ақпарат

Алматы қаласында ҮЕҰ өкілдеріне арналған семинар өтеді