Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ҰЛЫ АБАЙ – ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ»

11.9.2020 1424
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының биылғы 8-11 қыркүйек аралығында ұйымдастырған республикалық диктанты осылай деп аталды.

Аты айтып тұрғандай, бұл шара қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – ұлы ақын Абай мұраларын кеңінен насихаттау және жазу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба: «Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы аталып өтіп жатыр. Осыған байланысты елімізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі - бүгінгі жалпыхалықтық диктант. Диктантқа бір адамдай қатысып отырғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл диктанттың қандай мақсаты бар? Отан ортақ болғаннан кейін, тіл мен жер ортақ. Яғни, еліміздегі қандай да болсын ұлы тұлғалар да ортақ», – деді.

Осы орайда ол мемлекеттік тіл мен ұлы тұлғалар ұлтты біріктіретінін, бәрімізді тұтас ел ететінін атап өтті.

«Сондықтан бүгін баршыңыздың қатысуларыңызбен мемлекеттік тілде ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Ұлы Абай – халық жүрегінде» тақырыбында республикалық диктант жазуды қолға алып отырмыз. Абайдың шығармашылығы бәрімізге жақсы таныс. Ол ұлы адамның еңбектері ешқашан да ұлтқа бөлінбейді. Ұлы шығармашылық барлық адамзатқа тән, яғни Абай тек қазақтың ғана емес, адамзатқа ортақ ұлы тұлға», – деді комитет төрағасы.

Бұл шараға Тіл басқармалары қызметкерлері, облыстық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары, әдіскерлер, тіл мамандары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Диктант республикамыздың әр өңірінде белгіленген күндерге сәйкес өткізілді. Диктант 145 сөзден тұрады, мәтіні Абайдың қара сөздерінен құрастырылған.


Тегтер: республикалық диктант, абай-175
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

113

ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

104

ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ НЕМЕСЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

258

ақпарат

ПЕРНЕТАҚТА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ