Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

СҮЙЕНЕТІН ТАМЫРЫҢ, СЫЙЫНАТЫН ТӘҢІРІҢ

4.9.2020 1083
Міне, үш жылдың жүзі болды, 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып белгіленді. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Сөйтіп, жыл сайын біз «...өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді» деп Сəкен Сейфуллин баға берген, қазақ əліпбиінің негізін салған ұлы ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлап келеміз.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы есесі кеткен жылдардың жоқтаушысы, болашаққа батыл қадамның басқышындай дүниеге келген ұйым деуімізге болады.

Орталық еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, яғни қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы əліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мəдениетін одан əрі арттыруға жəне тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу жолына бел шешіп кірісті.

2017 жылы Үкімет қаулысымен қазақ əліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің мақсатты жоспары құрылған-ды. Жоспарды іске асырудың ғылыми негіздемелерін əзірлеу үшін еліміздегі беделді филолог, тілші ғалымдардан, тарих саласының, терминология мен ономастика, лингвистика, шетел тілдерінің сарапшыларынан, ІТ мамандардан тұратын жұмыс топтары жасақталды. Орфографиялық, Əдістемелік, Терминологиялық, Сараптама техникалық жұмыс топтарының жұмыс бағытын басты мақсатқа лайықтап, олардың қызметін үйлестіру де «Тіл-Қазына» ұлттық орталығына міндеттелді. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдары əліпби мен емле ережесінің жобасын əзірлеп, біздің орталық ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттерін атқарды..."


Әлібек АСҚАР,

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»

ұлттық ғылыми-практикалық орталығының

Бас директоры


Мақала "Егемен Қазақстан" газетінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі санында жарық көрген.

Толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:

https://pdf.egemen.kz/pdfs/2020/09/04.09.20.pdf

Тегтер: Тілдер мерекесі күні, Бас директор, мақала
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

169

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

281

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...