Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Айтылым және жазылым дағдыларын жетілдіретін әдістемелік құрал

11.8.2020 268

Біз бұдан бұрынбиыл «Лұғат» қоғамдық қоры«ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу және әлеуметтік ортадағы жұмыста тілдік қарым-қатынас технологияларын меңгерту бойынша» қашықтықтан оқыту семинарларын ұйымдастырып жатқандығын айтқан болатынбыз. Осы уақытқа дейін өткен бес вебинардың да тапсырысшысы Қазақстан РеспубликасыАқпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ. Енді қыркүйек айында жоғарыда көрсетілген тақырыптағы вебинар Алматы қаласында жоспарланған. Енді соған дайындық жүгізудеміз.

Шара аясында ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу және әлеуметтік ортадағы жұмыста тілдік қарым-қатынас технологияларын меңгерту бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Кітапта қазақ ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарға талдау жасалып, ісқағаздарын жүргізудің нормативтік әдістемелік негіздері ұсынылған, ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру, сондай ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарын, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданатын әдіс-тәсілдерін (технологияларын) жетілдіру бойынша материалдар берілген. Еңбек үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлеріне сондай-ақ қызығушылық танытқан барлық оқырман қауымға арналған. Аталған құрал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген «2019 жылға Үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды ұсыну» жоспарына сәйкес «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен шығарылған барлық өңірлерге тегін таратылды.

Бұл еңбекте ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру ғана емес, олардың әлеуметтік саладағы жұмыстарына, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер (технологиялар) қамтылған. Ұлттық этикет үлгілерін білу: сәлемдесу, танысу, рұқсат сұрау, кешірім сұрау, қоштасу; адамдармен сөйлесу кезіндегі бейвербалды құралдарды пайдалана білу, денені дұрыс ұстау, үйлесімді қимыл жасау және қозғалу әдептері, көпшіліктің назарын өзіне аударту және аудиториямен байланыс, сенімділік, әсерлілік, ділмарлық, дауыс ырғағы, тыңдаушыларды қызықтыра білу мәселелері де айтылған.

Қазақ ісқағаздары оның ішінде ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдердің, жобалардың мемлекеттік тілдегітерминдерін жасау, қалыптастыру жүйелеуді дұрыс жолға қою жалпы даму бағытын белгілеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Сонымен қатар соңғы он-он бес жыл көлемінде термин мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, тілші-ғалымдардың, ісқағаздарын жүргізушілердің, аудармашылардың, жалпы көпшіліктің жаппай пікір білдіріп ат салысып жатқандығына қарамастан, қазақ ісқағаздары терминдерін қалыптастырудың өзіндік проблемалары аз емес. Қазақ тілінің функционалды стильдері негізінен ғылыми, көркем, публицистикалық, ауызекі және ресми стиль болып бөлінеді. Осы стильдердің ішіндегі алғашқылары, яғни ғылыми, көркем, публицистикалық, ауызекі стильдер қазақтың ұлттық тілі арқылы қалыптасса, ресми тіл туралы бұлай айта алмаймыз.Бұл еңбек осы бағыттағы олқылықтардың орнын толтыру үшін жазылған.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының құжаттарын ғана мемлекеттік тілде жаза білу жеткіліксіз, Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу құжаттарын,семинарға қатысушы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың құжаттарын, басқа да үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдардан ұсынылған байқаулар мен жобаларға арналған құжаттарды білуге міндетті. Осыған орай бұл еңбекте осы жоғарыда аталған байқау құжаттарының үлгілері орысша-қазақша аудармалары салыстырыла берілген.

Тегтер: #qogamgov, #cisc2020
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

159

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

274

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...