Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілін ілгерілету шаралары

11.8.2020 442

Қазақстан РеспубликасыАқпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «Лұғат» қоғамдық қоры биыл еліміздің бес өңірінде (Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында) ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша жәнеәлеуметтік саладағы жұмыс технологияларына, оның ішінде ауылдық жерлерде халықпен жұмыс жүргізу бойынша оқыту семинарын өткізді. Қазіргі індеттен сақтану жағдайына байланысты семинар жұмысы қашықтықтан оқыту форматында жүзеге асырылды және оған аталған өңірлерден екі жүзден аса маман қатысты. Вебинар жұмысы мына тақырыптар бойынша жүргізілді:

  • Конкурстық өтінімдерді, жобаларды белгіленген тәртіп бойынша толтыру. Оның ішінде: Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының құжаттары, Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу құжаттары,Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың құжаттары, басқа да үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдардан ұсынылған байқаулар мен жобаларға арналған құжаттар;
  • Жалпы қазақ ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу, конкурстық өтінімдер мен жобаларды ұсыну кезінде осы құжаттарға сүйене білу;
  • ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарында, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде жаңаша әдіс-тәсілдерді (технологияларды) қолдану, ұлттық этикет, іскери этикетті білу, сөйлеу энергетикасын, импровизацияны қолдану;
  • Адамдармен сөйлесу кезіндегі бейвербалды құралдарды пайдалана білу, сөйлеудегі креативтілік, көпшіліктің назарын өзіне аударту және аудиториямен байланыс түрлері, адамға әсер етудің 8 жолы;

Курсты елімізге танымал, өз істерінің маманы филология ғылымдарының кандидаты Қ.Дүсіпбаева мен іскерлік әкімшілдік магистрі Ш.Айтмағанбетова жүргізді. Курс барысында тыңдаушылар қазіргі қазақ тіліндегі бес стильдің бірі ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік – құқықтық құжаттарды, оның ішінде ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру, сондай ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарын, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданатын әдіс-тәсілдерін (технологияларын) жетілдіруді меңгерді. Курс соңында мамандар ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттырып, жалпы қазақ ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарға талдау жасауды үйреніп, ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарына, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді (технологиялар), ұлттық этикет үлгілерін (сәлемдесу, танысу, рұқсат сұрау, кешірім сұрау, қоштасу) меңгеріп, адамдармен сөйлесу кезіндегі бейвербалды құралдарды пайдалана білуді, денені дұрыс ұстау, үйлесімді қимыл жасау және қозғалу әдептері, көпшіліктің назарын өзіне аударту және аудиториямен байланыс, сенімділік, әсерлілік, ділмарлық, дауыс ырғағы, тыңдаушыларды қызықтыра білу дағдыларын жетілдірді және аталған мәселелер бойынша тест тапсырып сертификаттар алды.

Тегтер: #qogamgov, #cisc2020
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

113

ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

104

ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ НЕМЕСЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

258

ақпарат

ПЕРНЕТАҚТА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ