Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ІСКЕ СӘТ, ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕР!

15.8.2020 378
Бүгін таңда қызметтің қай саласының да кәсіби маманы болумен бірге тілдерді үйрену қажеттілікке айналып келеді. Бұл бағытта сәт сайын құбылып жатқан әлемде әртүрлі форматта оқып үйрене білудің маңызы өте зор. Соның бірі де бірегейі – қашықтан оқыту.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырып отырған «Қашықтан оқып, тіл үйрен!» акциясына, белгіленген кестеге сәйкес, 17 тамыздан бастап Шығыс Қазақстан облысы қосылады.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының пікірінше, мемлекеттік тіл мәртебесінің айшықталуы, этнос өкілдерінің туған тіліне деген құрметі, жаңа мамандықтардың пайда болуы тез арада тіл үйренуге деген қажеттілікті тудырып отыр. Бұл мақсатына уақытын үнемдеп, әрі тегін қол жетізуде аталмыш акция маңызды рөл атқарады.

Сонымен бірге, аудиториясы ұлғая түскен дәріс оқушылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып жатқанын атап өткен орынды. Әр сабаққа талдау жүргізіліп, қажетті теориялық-практикалық көмек көрсетіліп отырады.

Тегтер: Қашықтан оқыту, тіл үйрен
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

169

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

281

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...