Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ӘРІ ТЕГІН, ӘРІ ТИІМДІ

13.8.2020 625
«Ордалы жұртымыздың, еңселі еліміздің, егемен мемлекетіміздің Жаратқан иеміз таңдайымыз бен маңдайымызға берген тілі жоғала қоймас. Дегенмен, теледидар болып сөйлеп төрімізді жайлар, тауар боп кіріп ынсабымызды алар, үйретпек болып келіп үйірсектеп қалар жаһандану дәуірінде тіліміздің барына ғана малданбай, шырайы мен шұрайына қамқор болғанымыз абзал».

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталық Tilqural.kz веб-сервисі мемлекеттік тілді деңгейлеп үйретуде тиімді қызмет атқарып келеді. Оның басты ерекшелігі: толассыз тасқын секілді ақпарат айдыны бәсекелестігіне шыдас беріп, мобильді құрылғылар арқылы оқып-үйрену мүмкіндігіне жол ашады.

Ең бастысы, контентті ұсынудың заманауи форматының кеңінен қолданылуы қазақ тілін үйренушілер үшін қызықты бола түсуде.

Әрі тегін, әрі тиімді порталды пайдаланушылар саны күні бүгін 25 мыңнан асты.

Бұл саладағы жұмыстардың үлкен ізденіспен атқарылып жатқанының бұлтартпас дәлелі іспетті – осы жұмыстар жөнінде әңгімелеп беру туралы өтінішіміздің өзіне – орталықтың ақпараттық-технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы заманауи тартымды тәсіл, ұғынықты тіл арқылы жауап қатты.

Аз ғана уақыт бөліп, танысып шықсаңыз, Tilqural.kz веб-сервисі төңірегінде толыққанды мағлұмат аласыз.



Тегтер: тіл құрал кз, жарнама, ақпарат
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

113

ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

104

ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ НЕМЕСЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

258

ақпарат

ПЕРНЕТАҚТА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ