Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы басталды

5.8.2020 363

Акцияның мақсаты

1) Батырлар жырларынан үзінді мәнерлеп жатқа оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу;

2) Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.

3. Акцияға қатысатын үміткер батырлар жырынан үзінді мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), үзіндіні #менқазақшасөйлеймін2020 хештегімен әлеуметтік желілерде (Facebook, Youtube, Instagram) кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

4. Акцияның қорытындысы 2020 жылдың 13 қазанында шығады, жеңімпаздары 14 қазанында онлайн режимде марапатталады.

5. Акция өзге ұлт жастары арасында өткізіледі.

Акцияны өткізу тәртібі

6. «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы» КеАҚ (одан әрі - «Тіл-Қазына» ҰҒПО) акцияның ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Акцияны өткізу туралы хабарландыру 2020 жылдың тамыз айында Facebook, Youtube, Instagram әлеуметтік желілерінде «Tilalemi.kz», «Tilmedia.kz», «Qazlatyn.kz» сайттарында жарияланады.

Қорытынды ережелер

8. Акцияға катысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы сараптайды, шешімдері хаттама түрінде ресімделеді. Акция жеңімпаздары әлеуметтік желілердегі«лайк» саны бойынша анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар және сыйлықтар табысталады.

9. Акцияның өткізілуі туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және «Тіл-Қазына» ҰҒПО интернет-ресурсында орналастырылады.


Байланыс мәліметтері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Тіл-Қазына» ҰҒПО.

Шараның өткізілуіне жауапты тұлғалар: Әлім Сергібаев, 8 (7172) 27-30-43, 8 (701) 710-89-80; Меруерт Шіменбаева, 8 (701) 109-76-14.

Тегтер: #akcia, #qazaqtili #baiqau
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

169

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

281

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...