Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БЕЙНЕБАЯН – ТІЛ ҚЫЗМЕТІНДЕ

5.8.2020 217
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы туралы бейнебаяндар арқылы насихаттауды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Үлкен дайындықтан кейін жарық көрген әлеуметтік жарнаманы қоғамдық орындарда, БАҚ-та, арнайы экрандарда жариялау қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етіп, халықтың жаппай ақпараттандырылуына кеңінен жол ашады.

Жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының» тармақтарына байланысты «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру болып табылады.

Ақпараттық қоғамда жаңа бағытқа бетбұрысты жариялау және оны бұқараға түсіндіру қиындық тудырмайды. Тек оның ең тиімді әрі оңтайлы жолын таба білу керек, – дейді Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас менеджері Нұржан Бижомартұлы. – Әсіресе, тыңдау, оқу, көру арқылы есте сақтау дағдыларының барлығын қолданатын бейнебаяндар әзірлеу және оны әлеуметтік желілер мен сайттарда, қоғамдық орындарда жариялау қажет. Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктерде бейнебаян көрсету жолаушылар тарапынан оң бағасын алғанын айтып өткен ләзім.

Бейнебаян әзірлеу барысында қазақ тілін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен әртүрлі аудиторияның ерекшелігі ескеріліп, латын графикасына негізделген әліпбидің емле ережелері барынша таныстырылады.

Бейнебаяндар мынадай төрт түрлі: әлеуметтік, вирустық, түсіндірмелі бейнебаян, бейнеблок (youtube форматы) жанры бойынша әзірленеді. Осының ішінде көпшілікке беймәлімдеу «вирустық бейнебаянға» қысқаша тоқталсақ, бұл – соңғы уақытта өте танымал болған «вирустық маркетинг» немесе «вирустық жарнама» деп аталатын көлемі жағынан өте қысқа бейне өнім; стандартты емес өзгеше сюжетімен ерекшеленеді.

Мемлекеттік тілдің беделін арттыру, ана тілімізді қастерлеу ұғымы төңірегінде күні бүгін жүзге жуық өнім дайындалып, «Хабар», «Қазақстан», «Еларна» және өңірлік телеарналар бойынша көрсетілуде.


Тегтер: бейнебаян, тіл саласы, жарнама
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

169

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

281

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...