Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ҚОСЫЛДЫ

4.8.2020 1785
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ұйымдастырып жатқан «Қашықтан оқып, тіл үйрен!» акциясына қатысушылардың тізімі осы аптадан бастап Қостанай облысымен толықты.

Бұл тіл үйренушілер үшін тағы бір тың өріс пайда болды деген сөз.

Жалпы алғанда, тілдерді оқыту мәселесі саяси-экономикалық, технологиялық-ақпараттық және басқа салаларда болып жатқан жаһандық эволюциялық үдерістен тыс қала алмайды. Мысалы, тарихқа жүгінсек, бұл бағыттағы алғашқы ізденіс 1728 жылы тіркелген екен, Калеб Филипс дейтін азамат әлемнің кез келген нүктесіндегі студентке хат алмасу арқылы стенография ісіне оқыта аламын деп бостондық газетке жарнама беріпті.

Содан бері түрлі өзгеріске ұшырап, алға дамумен келеді.

Аталмыш акция барысында ZOOM, Whatsapp, Skype, Google Classroom, Тelegram, Instagram платформалары арқылы тікелей онлайн сабаққа қатысып, онлайн сабақ жазбасын алу мүмкіндігі жан-жақты қарастырылған.

Шараның алғашқы аптасында көш бастаған Қызылорда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Іле-шала Қарағанды, Ақтөбе облыстары қосылған еді.


Енді Қостанай облысы кірісіп кетті: бір ғана "Тілдарын" облыстық тілдерді оқыту орталығы бойынша 6 адам 500 тыңдаушыны қазақ тілінде оқытуды қамтамасыз етуді жоспарласа, ағылшын тілін оқытушы 2 маман 160 тыңдаушымен жұмыс жасауды қолға алады. Бұдан басқа этникалық топ тілдері курсында (татар, башқұрт, кәріс, неміс, армян, поляк, түрік тілдері) 7 оқытушы – 100 тыңдаушыға дәріс береді.

Яғни, 15 оқытушы 760 тыңдаушымен жұмыс жасайды деп күтілуде.

Тыңдаушыларға табыс, дәріс оқушылардың еңбегіне жеміс тілейміз!

Тегтер: қашықтан оқу, тіл үйрену, акция
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

406 Ақпарат

ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

430 Ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

920 Ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАЗУЫН ФЛЕКТИВ ӘЛІПБИЛЕРДЕН ҚҰТҚАРУ ҚАЖЕТ