Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Солтүстік Қазақстанда қашықтан оқыту семинары өтті

30.6.2020 112

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» КЕАҚ бастамасымен Лұғат» қоғамдық қоры «ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша және әлеуметтік саладағы жұмыс технологияларына, оның ішінде ауылдық жерлерде халықпен жұмыс жүргізу» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдар арасында 2020 жылдың 30 маусымы қашықтан оқыту семинарын өткізді.

Семинар бағдарламасын құрастырушылар ф.ғ.к Б. Қапалбек, ф.ғ.к Қ. Дүсіпбаева, Іскерлік әкімшілдік магистрі Ш. Айтмағанбетова заманауи талаптарды ескере отырып, қазіргі қазақ тіліндегі бес стильдің бірі ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік – құқықтық құжаттарды, оның ішінде ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарын, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданатын әдіс-тәсілдерін (технологияларын) жетілдіру мақсатында 5 сағаттық сабақ жоспарын құрды. Онда мынандай мәселелер қамтылды: үкіметтік емес ұйымда өкілдері үшін ғылыми мәтіндерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, мемлекеттік тілде әдістемелік құралдарды дайындау және тарату. Семинар соңында сауалнама тест алынып, тыңдаушыларға сертификат тапсырылды. Тыңдаушылар семинар соңында уатсапп желісі арқылы өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Оған білікті мамандар: КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы, филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше кітаптың авторы Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы, филология ғылымдарының кандидаты, тренер Дүсіпбаева Қарлығаш Советханқызы, «Лұғат» қоғамдық қорының басшысы Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы жауап берді.

Шара осы уақытқа дейін еліміздің 3 өңірінде жүргізілді. Оған 168 тыңдаушы қатысты.

Тегтер: #qogamgov #cisc2020
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

73

ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫН ТАРИХТАҒЫ ӘУЕЛГІ АТАУЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

119

ақпарат

ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

148

ақпарат

«Tilqural.kz» АРҚЫЛЫ ТІЛ ҮЙРЕНІҢІЗ!