Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Аргентиналықтар қазақ тілін Zoom арқылы үйренуде

10.7.2020 194
​Мемлекеттік тілдің мәртебесі – күнделікті өмірде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясының кеңеюі мен шет елдерде қазақ тілін қолданушылардың көбеюімен арта түсері анық. Бүгінде шет мемлекеттерде қазақ тілін үйренгісі келетіндердің саны артып келе жатқаны қуантады.Осы бағыт аясында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 10 сәуірінен бастап Аргентина азаматтарына Zoom арқылы қазақ тілін оқыту курсын бастаған болатын.

Онлайн курс барысында Аргентина Республикасының Росарио қаласында орналасқан Қазақстандық мәдени орталық мүшелеріне қазақ тілінің қарапайым А1 деңгейі үйретілуде. Онлайн сабақ ағылшын тілінде жүргізіліп жатыр.

Бұл курстың ерекшелігі – қазақ тілін үйрету ғана емес, қазақ халқының біртұтас мәдениетін дәріптеу және таныту. Қазақ тілінің базалық білімін игеріп, ауызекі тілде сұхбаттасуды үйрету, сөздік қорды көбейте отырып, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Қазіргі таңда Zoom арқылы оқыту тыңдаушыларды қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге, аз уақыттың ішінде тілді үйреніп, жоғары жетістіктерді көрсетуге мүмкіндік беруде.

Бүгінде шетелдік аудиторияға арналған қазақ тілі курсының қарапайым А1 деңгейінің дәріс бағдарламасы, оқу жұмыс жоспары, оқу-әдістемелік құралы, таратпа материалдар дайындалды. Сабақтың әр сағатында тиімді әдіс-тәсілдер мен соңғы инновациялық технологиялар пайдаланылып, Аргентина халқының қызығушылығына ерекше мән берілуде.Тіл үйренушілерді коммуникацияға бейімдеу, яғни, тіл үйренушілерге қазақ тілінің бастапқы актив сөздерін, сөз тіркестерін, тіпті сөйлемдерін игерту бастыназарда. Онлайн курсты ағылшын тілін еркін меңгерген «Haileybury Astana» мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, phd докторант Ақниет Озатұлы әр жұма сайын жүргізеді. Әрине,ағылшын тілінің ішкі лингвистикалық табиғаты мен қазақ тілінің өзіндік табиғатының арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Алайда оқытушының шетелдік тіл үйренуші аудиториямен еркін диалогқа барып, мәселені күрделендірмей мейлінше оңай, тиімді түсіндірудің нәтижесінде үш айдың ішінде тіл үйренушілерденқазақ тілінде жауап алатын деңгейге жетті.

Қазақ тілін үйренуге зор қызығушылық танытқан Аргентина мемлекетінің азаматтары : Густава, Ирина, Жульетта, Аника, Григорий, Сергионыңқазақ тілінде еркін сөйлеуге, ақпараттық технологияларды қолдануға деген танымдық кызығушылығы, тапсырмаларды орындауға, қазақ тілін меңгеруде мультимедиялық құралдар мен электронды оқулықтарды қолдануға деген ұмтылысы ерекше байқалуда. Сонымен қатар олардыңқазақ мәдениетіне, өнеріне, музыкасына ықыласы ерекше. Росарио қаласындаерікті топтың «Қазақ мәдениеті»орталығынқұруы осының дәлелі.

Орталық мүшелері еліміздің Наурыз, Тәуелсіздік күні сияқты мерекелерді жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған. Халықаралық деңгейлегі спорттық шараларда да Қазақстаназаматтарына жиі жанкүйерлік танытып жүреді.

Сабақ барысында Сергио есімді азамат «Ұлттық домбыра» күніне орайқазақ күйлерін орындап, көпшілікті тәнті етті. Елорда күніне орай 6-шілде күні Росарио қаласында арнайы кездесу де өткізілген болатын.Facebook әлеуметтік желісінде Rosarioқазақ мәдениет орталығының тарапынанқазақ халқының мәдениетін насихаттауға және дәріптеуге арналған парақша тұрақты түрде жүргізіледі.

Мұхиттың арғы бетінде тұратын бұл азаматтардың Қазақстан деген елге, қазақ дейтін ұлтқа сүйіспеншілігі мен құрметі зор.

Шетелдік азаматтардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасы Қазақстанның өркенді дамып, ғылым, мәдениет, өнер және спорт саласында үлкен белестерге қадам басып жатқан себептерінен болуы керек.Олардың қазақ тілін меңгеріп, қазақ халқына қызығушылық танытып жатқаны – тіліміздің, діліміздің, салтымыздың қазыналы екенінің айғағы.

Тегтер: #qazaqtili #latyn #shetel #online #karantin
Авторы: Мәрияш Дәрмен

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

79

ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫН ТАРИХТАҒЫ ӘУЕЛГІ АТАУЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

120

ақпарат

ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

150

ақпарат

«Tilqural.kz» АРҚЫЛЫ ТІЛ ҮЙРЕНІҢІЗ!