Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

17.6.2020 255
Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының онлайн-отырысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу үстінде.

Жақында осы Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының онлайн-отырысы өткізілді. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат жəне қоғамдық даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму,Әділет, Мәдениет және спорт министрліктері, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ә.Қабаев заң жобасы бойынша кіріспе сөз сөйлеп, кіреберістегі көрнекі ақпарат (баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткіштері және т.б.) елдегі қоғамдық, идеологиялық жағдайға әсер ететін фактордың бірі болып табылатындығына, қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің басым көпшілігі өз қызметін жүзеге асыруда көрнекі ақпараттарды пайдаланатындығына тоқталды.

Бұдан әрі: «Көрнекі ақпараттың басым бөлігі қалаларда, елді мекендерде адамдар көп жүретін, көзге шалынатын аумақтарда орналасады және мақсатты аудиторияларына сәйкес тұрғындар үшін белгілі ақпарат көздері болып табылады», – деп атап өтті. Төраға орынбасары көрнекі ақпарат санының артуы оларды орналастыруда көрнекі ақпараттардың тек бір тілде берілуі, дұрыс аударылмауы немесе негізгі мазмұнының сақталмауы секілді заң талаптарын орындамау фактілерінің көптеп орын алуына әкеліп соқтырып отырғанына баса назар аударды.

Осыған байланысты Заң жобасын әзірлеуде келесі қадамдар жасалуда:

Біріншіден, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабындағы көрнекі ақпаратты орналастыруға қойылатын талаптарды қатаңдату.

Қолданыстағы Заңның 21-бабында көрнекі ақпаратты орналастыруға қойылатын талаптар ғана белгіленген (оң жағы, сол жағы, жоғары, төмен және т.б.).

Қазіргі мақсат: көрнекі ақпарат мәтінінің мазмұндық бөлігіне мән беру, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіннің орфография нормасына сәйкес жазылуы;

  • мәтіндердің бірнеше тілге барабар (аутентичность) аударылуы;

Ал, кейбір көрнекі ақпарат мәтіндері, яғни жарнама, фильмдердің субтитрлері мағынасына қарай аударылады, яғни бұл көрнекі ақпараттарды түпнұсқаға барабар аудару қажет емес. Осы ретте «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңына «тең түпнұсқалық аударма», «мағыналық аударма» ұғымдары енгізілуде. Жарнама мәтіні мен фильмдісубтитрлеуге орфография нормаларына сәйкес мағыналық аударманы сақтай отырып жазу талабы қойылады.

Екіншіден, уәкілетті орган деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.

Уәкілетті орган тарапынан Ереже әзірленеді.

Отырыста жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне көрнекі ақпараттарды орналастыру бөлігінде мемлекеттік бақылау бойынша және көрнекі ақпараттарға мониторинг жүргізу бойынша құзырет белгілеу мәселесі де көтерілді.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпкерлік саласына барынша әкімшілік кедергілерді келтірмеу үшін профилактикалық бақылау түріндегі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, профилактикалық бақылау мен қадағалау енгізуді ұсынды. Осы мәселеге қатысты жергілікті атқару органдарының өкілдері өздерінің оң пікірін білдірді.

Алайда, мемлекеттік бақылау енгізу мәселесі «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қолдау таппады.

Заң жобасы аясында мемлекеттік органдар тарапынан тең түпнұсқалық аударма, жарнамаға қатысты қойылған сұрақтарға Министрліктің Заң қызметі департаменті директоры А. Рахымжанова жауап берді.

Тегтер:
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

144

ақпарат

«ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ – ЖЕТІ ТҮРЛІ БІЛІМ БІЛ!»

142

ақпарат

ЕЛІМІЗДІҢ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДАМЫЗ НҰР-СҰЛТАН

132

ақпарат

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!