Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Батыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарға онлайн семинар өтті

26.5.2020 129
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Лұғат» қоғамдық қоры 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарына арналған «Тендерге қатысты ісқағаздарын мемлекеттік тілде рәсімдеу және іскерлік қарым-қатынас кезінде ділмарлықты жетілдіру» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Семинарды лектор болып КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы Шырын Айтмағанбетова мен филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Дүсіпбаева жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша және әлеуметтік саладағы жұмыс технологияларына, оның ішінде ауылдық жерлерде халықпен жұмыс жүргізу бойынша оқытуды қолға алып жатыр.

Мақсаты: Қазіргі қазақ тіліндегі бес стильдің бірі ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік – құқықтық құжаттарды, оның ішінде ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру, сондай ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарын, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданатын әдіс-тәсілдерін (технологияларын) жетілдіру.

Тегтер: #qogamgov #cisc2020
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

143

ақпарат

«ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ – ЖЕТІ ТҮРЛІ БІЛІМ БІЛ!»

142

ақпарат

ЕЛІМІЗДІҢ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДАМЫЗ НҰР-СҰЛТАН

132

ақпарат

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!