Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілінің үздік әдіскерлері анықталды

19.5.2020 686
Ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында елдегі төтенше жағдай мерзімінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Республикалық байқауға 29 әдіскер-оқытушы подкаст ұсынды.

І дәрежелі дипломды Нұр-Сұлтан қаласындағы «JAZY» тіл орталығының қазақ тілі пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Абдрахманова Майра иемденді.

ІІ орынға Нұр-Сұлтан қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әдіскер-ғалымдары Рысбекқызы Гауһар мен Есіркепқызы Қарагөз еңбектері лайықты деп танылды.

ІІІ орынды Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жұбатқан Таңжанов, Шымкент қалалық Тілдерді дамыту әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлнара Есепбаева, «Тұран-Астана» университетінің Әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті Жазира Ысқақова иеленді.

Сондай-ақ республикалық байқауға белсене қатысқаны үшін Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының Ғылыми-әдістемелік бөлім басшысы Әсел Бахытова, Алматы облысы, Панфилов ауданы Тіл орталығының меңгерушісі Аслан Қалибеков, Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының әдіскері Фариза Ерланқызы, Ақмола облысы Астрахан ауданы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Серікгүл Мұратхан алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық байқауға ұсынылған радиохабарламалар форматындағы аудиофайлдар, яғни подкасттар – тіл үйреніп жүрген азаматтарға таптырмайтын оқу материалы. Тіл үйренушілер бос уақыттарында қазақ тіліндегі ақпараттарды тыңдау арқылы тілдік ортаға бойлап, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады.

Республикалық байқауға келіп түскен аудиофайлдар www.tilalemi.kz сайтына орналастырылады. Оқытушылар аудиоматериалдарды сабағына қолдана алады. Бұл да болса, қазақ тілінің әдіскерлері мен оқытушыларына әдістемелік көмек болады.

Тегтер: подкаст, ең үкдік подкаст, байқау, қазақ тілі, мемлекеттік тіл, ана тілі, сөз, әдістеме, теория, практика , ересектерге тіл оқыту
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

411

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

85

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

52

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді