Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл үйретудің тиімді әдістері

18.5.2020 875
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLINEda bol жобасы аясында Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «ТІЛ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» тақырыбында онлайн-дәріс өтті. Бүгін екі дәріс тыңдалды.

Алғашқы дәрісті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Ердембекұлы Тілешов «Тіл үйретудің лексикалық минимумдарының қажеттілігі мен критерийлері» тақырыбында оқыды. Қазақ тілін жүйесіз оқыту, лексикалық минимумның дұрыс анықталмауы тіл үйренуде қиындық тудыратыны және осы мәселелерді шешу үшін шетел тәжірибесіне сүйену керектігін баяндады. Атап айтқанда, Ч.К.Огденнің «Dictionary of Basic English», А.В. Петроченковтің «Ағылшын тілінің негізгі 135 сөзі», Эрих Вайстың сөздігі ағылшын тілін үйретуде негіз болатынын дәлелдеп айтты. Ғалымдардың зерттеулеріне жүгіне отырып, минимумдардың жасалу критерийлеріне тоқталды.

Екінші дәрісті филология ғылымдарының докторы, Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің профессоры Зейнехан Күзекова «Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасының әдістемесі» тақырыбында оқыды. З. Күзекованың пікірінше, тілдік білім, тілдік мәдениет, бүгінгі таңда тілді оқытуға жаңаша қарауды талап етеді. Қазақ тілін оқыту мазмұнын пәндік, процессуалдық, тіл біліміндегі құрылымдық, құрылымдық-семантикалық, функционалдық аспектілері тұрғысынан қарастырып, лексикалық бірліктерді үйретуге құрылған жаттығу түрлерімен тыңдаушыларды таныстырды.

Бүгінгі оқылған екі дәріс бойынша тіл мамандары өздеріне қажетті, пайдалы мағлұмат алды деген ойдамыз.

Дәріске Zoom сервисі бойынша 71 тіл маманы қатысты. Фейсбук желісіндегі ONLINEda bol парақшасы арқылы 23 адам тыңдады.

Тегтер: қазақ тілі, мемлекеттік тіл, ана тілі, сөз, әдістеме, теория, практика , ересектерге тіл оқыту
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

71

ақпарат

АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА

66

ақпарат

ТЕРМИН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮРТКІ БОЛЫҢЫЗ

115

ақпарат

ҮЗІК ОЙЛАР, ҮМІТ ОЙЛАР