Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Латын графикасына көшкенде, сөздерді ықшамдап жазу не үшін керек?

5.5.2020 2781
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLINEda bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбында онлайн дәрістердің үшінші кезеңін ұйымдастыруда.

Бүгінгі дәрісті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Нұрсәуле Рсалиева «Жазу неге ықшам болу керек?» деген тақырыпта өткізді.

Дәріс барысында ағылшын тілінің жазу реформасы мен тілдегі сөздердің ұзақтығы талданды, сонымен қатар қазақ тілінде сөздерді ықшамдап жазу не үшін керек деген мәселе көтерілді және тіліміздің сөздік қорын жасанды сөздермен көбейтудің қажет емес екендігі айтылды. Ғалым: «Тілді шұбалаңқы ететін нәрселер – и мен у-ды таратып жазу, сөздерді шамадан тыс біріктіру»,- деген пікірде.

Дәрісті онлайн режимінде 74 адам тыңдап, сұрақтар қойды. Дәріс соңында көкейде жүрген сауалдарға пікірлер айтылды. Онлайн курс Facebook әлеуметтік желісінде ONLINEda bol тобы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Дәрістің толық нұсқасы төмендегі сілтемеде берілген.

https://www.facebook.com/groups/884732365309226/permalink/914810358968093/?sfnsn=mo&d=n&vh=i

Тегтер: латын графикасы, жаңа әліпби, 2020-2025, қазақ тілі
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

434 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

296 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

655 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ