Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Онлайн дәріс жалғасады

4.5.2020 492
​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылдың 4-6 мамыр аралығында «ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» тақырыбындағы онлайн дәрісті жалғастырады. Дәрісті ҚР Үкіметі жанындағы «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру» жөніндегі Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары оқиды.

Онлайн дәрістің мақсаты – латын әліпбиi негізіндегі қазақ жазуы, жазу ықшамдылығы, жазу мен ауызекі тілдің бір-біріне әсері және қазақ орфоэпиясының кейбір мәселелері туралы қоғамға кең көлемде ақпарат беру.

Онлайн дәрісті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Б.Момынова, Ж.Жұмабаева, Н.Әміржанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.Жақыпов, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Н.Рсалиева оқиды.

Онлайн дәріске еліміздің барлық өңіріндегі Тіл басқармалары мен оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының (Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, Астана медицина университеті және т.б.) филологтары, магистранттары мен докторанттары қатысады.

Дәріс тікелей эфирде фейсбук желісіндегі ONLINEda bol парақшасында да көрсетіледі.

Тегтер: жазу, сөздердің жазылуы бірге, бөлек жазу, дефис, қос сөзлатын графикасы, жаңа әліпби, 2020-2025, қазақ тілі
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

90

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

53

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді