Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ терминологиясына қатысты онлайн-семинар өтті

30.4.2020 369
2020 жылғы 17-сәуір күні сағат 17.00-де Termincom.kz сайтының youtube каналында «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинарда termincom.kz сайтында орналасқан электрондық алаңның құрылымы, мазмұны, оны қолданудағы артықшылығы мен қиындығы туралы ой қозғалды.

Онлайн-семинарды Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология және ономастика басқармасының басшысы міндетін атқарушы Бақытгүл Ысқақ жүргізді. Онлайн-семинарға электрондық алаңның тұрақты қолданушылары ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшесі Мұхамбедия Ахметов, «Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық байқауының жеңімпазы Серік Ерғали, ІТ саласының мамандары Бейбітжан Худабай мен Сымбат Әбдіқұл қатысты. Тұрақты қолданушы М.Ахметов электрондық алаңға кіру және онда ұсыныс білдіруге қатысты біршама уәжді пікірлерін айтты. Ал С.Ерғали онлайн-байқау кезінде алаңның қызметтері бойынша туындаған қиындықтар жөнінде ойларымен бөлісті. Онлайн-семинарға тәуелсіз сарапшы болып шақырылған ІТ саласының мамандары С.Әбдіқұл мен Б.Құдабай алаңның құрылымы мен техникалық мүмкіндіктеріне қатысты тұшымды ой-пікірлерін ортаға салды. Онлайн-семинарға қатысушылар электрондық алаңның терминология саласында алатын орнының ерекше екендігін айта келіп, онлайн-семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта онлайн-семинарда айтылған ұсыныстар негізінде «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңы жетілдірілетін болады.

Тегтер: Терминком, Тіл-Қазына, Алаң, ТІЛ, Терминология
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

90

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

54

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді