Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Терминологиялық алаң бойынша онлайн-семинар өтеді

28.4.2020 686
2020 жылғы 30-сәуір күні сағат 17.00-де termincom.kz сайтының youtube каналында «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру» тақырыбында онлайн-семинар өтеді.

2018 жылы termincom.kz сайтында «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» атты электрондық алаң ашылды. Электрондық алаң сала мамандары мен көпшілік арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық шешімдердің бағдарламалық-ақпараттық кешенін орнату және оны жетілдіру мақсатында құрылған.

Онлайн-семинарда «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары бойынша ой қозғалатын болады.

Онлайн-семинарға электрондық алаңның тұрақты қолданушылары ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшесі, м.ғ.к. Мұхамбедия Ахметов, «Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық онлайн-байқауының жеңімпазы Серік Ерғали, ІТ саласының мамандары Сымбат Әбдіқұл және Бейбітжан Худабай қатысады.

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына қатысты сұрақтарыңызды termincom.kz сайтының youtube каналы арқылы қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.

Тегтер: терминология, термин, карантин, онлайн дәріс, онлайнда бол, латын графикасы, жаңа әліпби, 2020-2025, қазақ тілі
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

80

ақпарат

АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА

73

ақпарат

ТЕРМИН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮРТКІ БОЛЫҢЫЗ

134

ақпарат

ҮЗІК ОЙЛАР, ҮМІТ ОЙЛАР