Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Онлайн дәріс жалғасады

27.4.2020 630
Көпшіліктің сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылдың 28-30 сәуір аралығында «ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» тақырыбындағы онлайн дәрісті жалғастырады.

Көпшіліктің сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылдың 28-30 сәуір аралығында «ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» тақырыбындағы онлайн дәрісті жалғастырады. Дәрісті ҚР Үкіметі жанындағы «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру» жөніндегі Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары оқиды.

Онлайн дәрістің мақсаты – сөздерді бірге, бөлек және дефиспен жазу мәселелері жайында қоғамға кең көлемде ақпарат беру, оңтайлы әліпби жасаудың алғышарттары және и мен у-ды жетілдірілген әліпбиде бір таңбамен берудің себебін, оның фонетикалық негіздерін түсіндіру.

Онлайн дәрісті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Нұргелді Уәли, Құралай Күдеринова және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжан оқиды.

Онлайн дәріске еліміздің барлық өңіріндегі Тіл басқармалары мен оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының филологтары, магистранттары мен докторанттары қатысады. Дәріс фейсбук желісіндегі ONLINE-da bol парақшасындада көрсетіледі.

Тегтер: латын графикасы, жаңа әліпби, 2020-2025, қазақ тілі
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

90

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

54

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді