Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Орфографиялық жұмыс тобының жұмысы баяндалды

20.4.2020 239
Бүгін «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбындағы онлайн дәріс басталды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLAINda bol жобасы аясында ұйымдастырылған шара 2020 жылдың 20-24 сәуір аралығында өтеді.

Онлайн дәріс шымылдығын "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының" атқарушы директоры Ербол Тілешов ашты. Ол "Орфографиялық жұмыс тобы: мақсаты, жұмыс принципі, ұйымдастыру шаралары, нәтижелер" тақырыбында баяндама жасады. Үш жыл көлемінде Үкімет қабылдаған шешімдерге тоқталып, жоспарға сай "Тіл-Қазына" орталығы мұрындық болған шаралар нәтижесін айтып өтті.

- Латыннегізді қазақ әліпбиін әзірлеу және қолданысқа енгізу шаралары бойынша төрт жұмыс тобының құрылғанын білесіздер. Соның ішінде Орфографиялық жұмыс тобының міндеті салмақты. Себебі барлық жұмыс барысы орфографиялық жұмыс тобының қабылдаған шешіміне сай өрбиді. Сондықтан да аталмыш топ қарқынды, қызу жұмыс жасауда. Барлық жұмыс топтарымен бірлесе отырып, нақты жоба ұсынуды көздейді, - деді Е.Тілешов.

Бүгінгі онлайн дәрістің екінші санын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. Әлімхан Жүнісбек жүргізді. Ол латын графикалық әліпбидің фонетикалық негіздемесіне тоқталды. Дыбыстарға таңбалардың берілу заңдылықтарын мысалдармен көрсетіп, әліпби құрамындағы бірқатар таңбаларға қатысты өз пікірімен бөлісті.

Онлайн шараға аймақтардағы Тіл басқармалары мен оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының (Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, Астана медицина университеті және т.б.) филологтары, магистранттары мен докторанттары қатысты. Дәрісті жалпы саны 122 адам Zoom бағдарламасы және фейсбук желісіндегі ONLINE-da bol парақшасы арқылы көрді. Естеріңізге сала кетеміз, эфир видеосын ONLINE-da bol парақшасынан қайта көруге болады.

Айта кетейік, ертеңгі онлайн дәрісті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, ф.ғ.д. Нұргелді Уәли мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, ф.ғ.д. Зейнеп Базарбаева жүргізеді. Майталман мамандар пікірі маңызды болса, сағат 11:00-де фейсбук желісіндегі ONLINE-da bol парақшасына қосылыңыз.


Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

90

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

54

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді