Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Мемлекеттік тілді жетілдіру" тақырыбында онлайн курс өтеді

13.4.2020 282
Елімізде карантин мерзімінің созылуына байланысты «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы қызметін одан әрі онлайн жалғастырады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес Тіл саясаты комитетімен бірлесе отырып 2020 жылдың 13-17 сәуір аралығында «Мемлекеттік тілді жетілдіру тақырыбында онлайн курс ұйымдастырады.

Бес күнге жоспарланған онлайн курстарда келесі мәселелер ортаға салынады:

  • қазақ терминдерін қалыптастыру, сараптамадан өткізу, қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланып терминдер нұсқаларын талқылауға қашықтан қатысу, қолданысқа енгізу;
  • белгілі бір себептермен қазақ тілін меңгермеген ересек азаматтарды қазақ тілін оқыту үдерісінде қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалаудың ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдаланудағы жаңалықтар, өзгерістер мен қолданысқа енгізу мәселелері;
  • қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісінің ғылыми негіздемелері мен ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттерін іске асыру жолдары, Орфографиялық жұмыс тобының шешімдері;
  • Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін өңірлерде іске асырудағы негізгі индикаторлар түсіндірмесі, индикаторларға қол жеткізу жолдары, латын графикасына көшу үдерісі, жаңа бағдарламадағы басымдықтар;
  • Қазақ тілін үйренуге ынталы азаматтарға қазақ тілін оқытуда машиналық оқыту немесе жасанды интеллект технологиясы арқылы тілді үйретуге арналған жаңа порталды пайдалану жолдары, портал арқылы бірегей жүйе қалыптастыру тетігі, қазақ тілін үйренуге тиімді технологиялар.

Курстар барысында тыңдаушылар жаңа мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыру бойынша өзекті сұрақтардың жауабын алады. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысады.

Онлан курс тақырыбына сай ғалымдар, Тіл басқармалары басшылары, қызметкерлері, облыстық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары, әдіскерлері мен тіл мамандары, магистранттар және осы тақырыпта білімін жетілдіремін деген кез келген ересек азамат қатыса алады.

Онлайн курс нәтижесінде карантин кезінде кезек күттірмейтін бірқатар саладағы маңызды мәселелер ортаға салынып, шешімін табады. Аймақтармен байланыс орнатылып, жоспарлы жұмыстардың мерзімінде жасалуына жағдай жасалады. Тіл саясатындағы өзгерістер мен жаңартулар таныстырлып, түсіндіріліп нәтижелі жұмыс жоспары бекітіледі.

Аталмыш курс Facebook әлеметтік желісінің ONLINEda bol парақшасында әр күн сайын 11:00-12:00 аралығында тікелей эфирде жүргізіледі.

Онлайн курс бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз.

https://drive.google.com/open?id=1YoWAmvWQMYnAYlCs...

Тегтер: онлайн курс, мемлекеттік тіл, Тіл-Қазына
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

90

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

54

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді