Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Байқауға қатыс, бәсекеге бейім бол!

1.4.2020 314
Бүгіннен бастап "Тіл-Қазына" орталығы жариялаған үш байқауға өтінімдер қабылданады.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатында «Тіл-Қазына» орталығы қызмет қарқынын сақтай отырып, қашықтан жұмыс істеуде. Орталық карантин кезінде кәсіби мамандар мен жалпыхалықтық бірнеше онлайн байқау жариялап үлгерді. Бүгін Сіздер күткен байқауларға өтінімдер мен материалдар қабылданады. Біліктілігің мен біліміңді байқайтын байқаудан қалыс қалма!

1. «Қазақы терминдерді халық жасайды» онлайн байқауы.

Байқау ағымдағы жылдың 1-18 сәуірі аралығында өтеді. Толық ақпаратпен сілтеме арқылы https://tilalemi.kz/article/2321-.html таныса аласыз.


2. "Үздік сабақ-2020" байқауы.

Байқауға кәсіби қазақ тілінің оқытушылары, әдіскерлер қатыса алады. Байқауға материалдар 2020 жылдың 1 сәуір - 1 маусым аралығында қабылданады. Толық ережені сілтемеден https://tilalemi.kz/article/2325-.html біле аласыз.


3. "Ең үздік подкаст" байқауы.

Креативті байқау бір ай көлемінде жүреді, яғни 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында аудиоларыңызды ұсына аласыздар. Толық ақпарат сілтемеде https://tilalemi.kz/article/2327-.html.



Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

90

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

53

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді