Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Үздік сабақ-2020" байқауы

29.3.2020 7759
"Тіл-Қазына" орталығы кәсіби қазақ тілін оқытушылар арасында байқау жариялайды.

Байқауға өтінімдер 2020 жылдың 1 сәуірі мен 1 маусымы аралығында қабылданады.


Байқау мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу мақсатында ұйымдастырылады.


Онлайн байқауға кәсіби қазақ тілінің оқытушылары, әдіскерлер қатыса алады. Тек кәсіби мамандар арасында өтетін байқауда креативті тәсілдер қолданған сабақ авторы ғана жеңімпаз болады және үздік сабақ тәжірибеден өткізіліп, оқыту орталықтарында жүйелі методикаға айналады.


Байқауға қатысу үшін:

1. Байқау қатысушысы мемлекеттік қызметшілерге кәсіби қазақ тілін үйретуге бағытталған (кәсіби саланың кез келген бағытын қамтуға болады) 45 минуттық сабақ үлгісін adisker2020@bk.ru электронды адресіне жолдауы тиіс;

2. Сабақ жоспары А4 форматындағы 3-4 беттен аспауы қажет (Times New Roman шрифтісі, символ өлшемі 14, жоларалық интервал – 1).


Сабақ үлгісіне қойлатын негізгі талаптар:

  • Сабақ тақырыбының нақтылығы;
  • Сабақтың мақсаты (тіл үйренушілерге дұрыс бағдар беретін, нақты нәтиже шығаратын SMART мақсат қою);
  • Сабақтың жүйелігі;
  • Сабақтың белсенді лексикасы (кәсіби сала терминдері);
  • Мәтінмен жұмыстың қамтылуы;
  • Нәтижеге бағытталған әдістің қолданылуы;
  • Жаңашыл әдістің қолданылуы;
  • Сөйлеу әрекетінің төрт түріне (оқылым-жазылым, тыңдалым-айтылым) арналған инновациялық жаттығулардың болуы;
  • Рефлексиядағдысын қалыптастыру (тіл үйренушінің) әдісі;
  • Сабақты қорытындылау шеберлігі.


Ескерту! Сабақ үлгісі жалпы және негізгі талаптарға толық сәйкес болуы қажет.


Байқау қорытындысы:

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрамын Орталық бекітеді.

«Үздік сабақ-2020» онлайн байқауының нәтижесі 2020 жылдың 8 маусымында http://tilalemi.kz сайтында жарияланады.

Байқауға қатысушыларға сертификат, алғысхат, жүлдегерлерге дипломдар электронды түрде табысталады.


Байланыс телефоны: 8-747-031-16-32


Тегтер: байқау, үздік сабақ, әдіскер, оқытушы
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

536 Ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАЗУЫН ФЛЕКТИВ ӘЛІПБИЛЕРДЕН ҚҰТҚАРУ ҚАЖЕТ

618 Ақпарат

АЛҒАШҚЫ ТҮСІРІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ

680 Ақпарат

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ ТАБЫЛДЫ