Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Шетелдіктерге қазақ тілін онлайн оқытамыз

28.3.2020 1265
«Тіл-Қазына» орталығы Аргентина азаматтарына қазақ тілін үйрететін онлайн курс ашады.

Онлайн курс 2020 жылдың 10 сәуірінде басталады. 24 сағаттық курс барысында Аргентина Республикасының Росарио қаласында орналасқан Қазақстандық мәдени орталық мүшелеріне қазақ тілінің қарапайым А1 деңгейі үйретіледі. Онлайн сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі.


Бұл курстың ерекшелігі – қазақ тілін үйрету ғана емес, қазақ халқының біртұтас мәдениетін дәріптеу мүмкіндігі. Сондықтан, сабақтың әр сағатында тиімді әдіс-тәсілдер мен соңғы инновациялық технологиялар пайдаланылып, Аргентина халқының қызығушылығына ерекше мән беріледі. Бүгінде шетелдік аудиторияға арналған қазақ тілі курсының қарапайым А1 деңгейінің дәріс бағдарламасы, оқу жұмыс жоспары, оқу-әдістемелік құралы, таратпа материалдар дайындалды. Дайындалған өнімдер курс дәрістері барысында электронды нұсқада қатысушыларға таратылады.

Онлайн курстан күтілетін нәтиже тіл үйренушілер:

  • қазақ тілінің жалпы сипатымен танысады;
  • қазақ әліпбиімен танысады;
  • тілдің дыбыстық құрамымен танысады, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат алады;
  • оқуды үйренеді;
  • жеңіл хабарлы және сұраулы сөйлемдер құрауды үйренеді;
  • 300-350 тілдік бірлікті меңгереді (Qaztest талаптарына сәйкес);
  • шағын мәтіндерді оқып, мазмұнын түсіне алады;
  • танысу тақырыбында, өзі, жанұясы, бос уақыты т.б. аса маңызды тақырыптар төңірегінде шағын әңгіме құрап жазады, жұп-жұп болып шағын диалогтар құрай біледі;
  • қарапайым А1 деңгейінде тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін жүзеге асыра алады.


Онлайн курсты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Нұрсәуле Мақсұтқызы Рсалиева жүргізеді.

Байланыс телефоны: 8 701 396 56 22

Тегтер: онлайн, Аргентина, курс, онлайн курс, қазақ тілі
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

72

ақпарат

АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА

66

ақпарат

ТЕРМИН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮРТКІ БОЛЫҢЫЗ

115

ақпарат

ҮЗІК ОЙЛАР, ҮМІТ ОЙЛАР