Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Онлайн байқау: ​«Қазақы терминдерді халық жасайды»

27.3.2020 1452
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқау жариялайды.

Байқау 2020 жылдың 1-18 сәуір аралығында онлайн режімде өтеді.

Байқаудың мақсаты - ұлттық терминжасамның өзекті мәселесін тиімді жолмен шешу, сәтті термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау және қолдау.


Республикалық байқау ережесі:

І кезең: * Байқауға қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру парағын» (Визиттік карточка) 1-5 сәуір аралығында termincom2020@gmail.com электронды адресіне жолдауы тиіс.


Өзін-өзі таныстыру парағының үлгісі

* Байқауға қатысушылар «Теrmincом.kz» сайтындағы https://termincom.kz/alan электронды алаңға тіркеліп, 5-10 терминге балама ұсынуы шарт.

ІІ кезең - 7-12 сәуір аралығында өтеді. Мұнда бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына тұрмыста жиі қолданылатын 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылады. Тапсырма https://termincom.kz/alan -да 7 сәуір күні жарияланады. Бұл ретте бағалау көпшілік дауысы арқылы және қазылар алқасының пікірімен шешіледі.

ІІІ кезең: 13-18 сәуір аралығында өтеді. Соңғы айналымға екінші турдан іріктелген азаматтар қатысады. Олар белгіленген уақыт аралығында мәтін ішіндегі салалық терминдердің қазақы баламасын жасауы тиіс (термин саны 15-20).


Бағалау:

Қазылар алқасы:

- терминнің терминжасам әдістемесіне сәйкес болуына;

- терминнің лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс болуына;

- терминнің қазақ халқының дүниетанымдық, мәдени болмысын танытуға уәжді қызмет ету деңгейіне;

- салалық терминің дефинициясының ашылуына;

- терминнің барынша сөз тіркестерінен емес жеке сөздерден жасалуына;

- тиісті саладағы жоғары қолданыс деңгейінің ықтималдығына ерекше мән береді.


Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

* Байқауға 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

* Байқауға қатысушы өзін таныстыру парағын көрсетілген электронды адреске белгіленген уақытта жолдауы тиіс.


Байқау қорытындысы

Байқау қорытындысы 20 сәуірде https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес электрондық үлгідегі диплом, алғысхатпен марапатталады.


Байланыс телефондары: 87172204541, 87017950243, 87752816206.



Тегтер: термин, терминком, онлайн, байқау, конкурс
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

90

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

53

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді