Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» атты онлайн курс өтеді

26.3.2020 963
2020 жылдың 30 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» атты онлайн курс өтеді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатындағы шаралар жоспарына сәйкес «Тіл-Қазына» орталығы «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» атты онлайн курс ұйымдастырады.

Онлайн курсқа Тіл басқармалары қызметкерлері, облыстық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары, әдіскерлері мен тіл мамандары және осы тақырыпта білімін жетілдіремін деген кез келген ересек азамат қатыса алады.

Курс барысында мемлекеттік тіл және оны оқыту әдістемесіне қатысты ғалымдар мен әдіскерлер ой-пікірлерін, үздік әдіс-тәсілдерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасады. Еліміздегі орталықтардың жұмысын сандық жүйеге көшіруде бірыңғай электронды дерекқорды пайдалану жолдары көрсетіліп, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану жайлы кеңес-ұсыныстар айтылады, нәтижесі көрсетіледі. Сонымен қатар қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемесін қалыптастыру мәселесі қозғалып, заманауи үлгідегі оқу кешендерін, әдістемелік материалдарын әзірлеу жайы талқыланады.

Онлайн курс мазмұнына тоқталар болсақ, мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі таныстырылады, ауызша сөздің тілтанымдық негіздері, әдеби тіл нормасы, емле ереженің қалыптасу тарихы, үздік педагогикалық технологиялар жайлы сабақ үлгілері көрсетіледі. Оқыту үрдісінде Google платформалары және тағы басқа сервистердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, цифрлық дағдыларды меңгерген креативті оқытушылар ортасын қалыптастыруға ықпал жасалады. Мемлекеттік тілді қашықтан оқытудың жүйесін құру жөніндегі пікірлер мен идеялар алға тартылады.

Онлайн курс бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз.

https://drive.google.com/open?id=1XOnU_kqw0gu24ae0...


Онлайн курс қорытындысында қатысушыларға сертификат табысталады.

Тегтер: онлайн курс, курс, Тіл-Қазына, әдістеме
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

90

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

54

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді