Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Тіл-Қазына» карантин кезінде уақытты тиімді пайдалануды ұсынады

26.3.2020 302
«Тіл-Қазына» орталығы төтенше жағдай кезінде тіл үйренудің тиімді жолдарын ұсынады.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатында «Тіл-Қазына» орталығы қызмет қарқынын сақтай отырып, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Орталық ішкі қызметтермен қатар, қазақстандықтармен кері байланыс орнату мақсатында бірнеше онлайн қызмет түрлерін көрсетеді.

  • Қазақ тілін өз бетінше үйренуге мүмкіндік жасайтын «Тilqural.kz» платформасы үздіксіз жұмыс жасайды. https://tilqural.kz/ - тілді инновациялық әдіс арқылы онлайн режимде оңай әрі тез А1, А2, В1 деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік аласыз. Сіз үшін telegram-бот қызметі де іске қосылған.
  • Бала тәрбиесінде ұстаздар мен тәрбиешілерге, ата-аналарға таптырмас көмекші құрал - «Bala tili.kz» сайты. Сайт http://balatili.kz/ арқылы баланың интеллектісін қалыптастыруға, қазақ тіліндегі қызықты мәліметтерді үйренуге, көңіл көтеріп, түрлі тапсырмалар жасауына, ертегі оқып, анимациялық фильмдер қарауына болады. Сонымен қатар, ата-аналарға, тәрбиешілерге арналған көмекші құралдар топтастырылған.
  • Sozdikqor.kz порталы - әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер, тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа. «Сөздікқор» порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем ішінде кездесуін бір бетте көруге болады. Яғни, https://sozdikqor.kz/ үйде отырып, сөздікқорыңызды толықтырудың таптырмас мүмкіндігі. Айта кетейік, порталдың telegram-бот қызметі де іске қосылған.
  • Терминдерді біріздендіруге бағытталған «Termincom.kz» сайты жұмыс жасайтыны белгілі. Осы ретте https://termincom.kz/alan платформасына тіркеліп, терминолог, тілші ғалымдарға тікелей сауалыңызды жолдап, терминдер туралы өз пікірлеріңізді білдіруге болады. Сіздің көзқарасыңыз біз үшін маңызды. Ұлттық қорды толықтыруға, жүйелеуге жұмыла жұмыс жасауға шақырамыз!
  • Республика бойынша 98 мемлекеттік тіл оқыту орталығы оқытушыларына арналған «Үздік сабақ-2020» онлайн байқауын жариялаймыз. Толық ақпарат «tilalemi.kz» сайтында жарияланады.
  • 30 наурыздан бастап, шетелдегі қазақтарды қолдау мақсатында «Қазақ тілін үйренеміз» атты онлайн сабақ жүргізіледі.
  • Оқытушылар арасында «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» онлайн байқауы өтеді. Байқау нәтижесінде тиімді тәсіл таңдалынып, оқу орталықтарының практикасына енгізіледі.
  • Qazlatyn.kz - мәтінді кириллицадан латын қарпіне автоматты түрде көшіру платформасы жұмыс жасауда. https://www.qazlatyn.kz/converter/text - қызметі арқылы мәтінді және кез келген құжат форматын кириллицадан латын қарпіне автоматты конвертация жасай аласыз.
  • Латын әліпбиін жетілдіруге байланысты жұмыстар жалғасын табуда. Әлеуметтік желілер мен баспа БАҚ-та талқылау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өзгерістер мен маңызды ақпараттарды https://tilalemi.kz/ сайтында бөлісетін боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурыздан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына карантин енгізілді. Осыған байланысты жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін тоқтатты. Сондай-ақ, елімізде оқушылар мен студенттер демалысқа мерзімінен бұрын босатылды. Осы ретте «Тіл-Қазына» орталығы каникулдық уақытта білім алушыларға, педагогтарға және ата-аналарға қажетті ресурстарға тегін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Тегтер: Тіл-Қазына, орталық, онлайн сабақ
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

86

ақпарат

Тіл үйретудегі жаңа технология таныстырылды

207

ақпарат

​Педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану тетіктері түсіндірілді

12

ақпарат

"Үздік мақала" байқауын жариялайды