Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Түркі мұрасын түгендеген еңбек

25.2.2020 230
Елордадағы Ұлттық Академиялық кітапханада ұйымдас­тырылған «Тарихи құндылықтар және Қазақ мемлекеттілігі» атты семинар аясында түрколог ғалым Қаржаубай Сартқо­жаұлының үш томдық «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» және «Записки казахского тюрколога» атты туынды­ларының тұсауы кесілді.

Маңызды шараның беташа­р сөзін айтып, тұсауы кесі­ліп жатқан туындылар жайлы көп­­шілікті хабардар еткен Л.Н.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлт­тық уни­верситетінің ректоры Ерлан Сыдықов, аталмыш кітаптар ға­лымның 40 жылдық ғылыми із­денісінің нәтижесі екенін атап өтті.

Жалпы, көлемі 120 баспа та­бақ­тан тұратын үш томдық – көне тарихымыздың куәсі, көк түркі­лердің тасқа қашап жазған мұра­ларының бүгінге жеткен ескі көзі іспеттес. Бұл еңбекте: Еуразия кіндігі Өтукен қойнауынан бастап, Қиянған жоталары, Тибет таулары, Ордас даласы, Қара мөрен, Кем, Обь дарияларының ұлан-ғайыр алқабы, Алашан құмы қатарлы көне түр­кінің табаны тиген жерлердегі байырғы бабаларымыздың барлық мұра­лары қамтылған. Деректердің дені – тұпнұсқа сызбалар кө­шір­месі, ежелгі түркілердің – тарихы, палеоэтнографиясы, салт-дәстүрі, дүниетанымын қам­тып, толық сипатталған, ғылыми сарапталған дүниелер көрінеді.

Жиналған қауым алдында бұл туындылар жайлы баянда­ма жасаған Л.Н. Гумилев атын­дағы ЕҰУ-дің шығыстану кафе­драсының профессоры, тарих ғы­лымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы, аталмыш еңбек этимо­логия­лық, дүниетанымдық, этно­графиялық, тілдік тұрғыдан ұлт­тық көзқарас негізінде сұрып­талған, сонымен қатар бұған де­йінгі зерттеулерде жі­берілген 300-ге тарта қате-кем­шіліктерді қал­пына келтірген, толық түрде соңғы рет кәсіби ұқыптылықпен құрастырылған аса құнды еңбек екенін жеткізді.

Тегтер: Орхон ескерткіштері, Ұлттық Академиялық кітапхана, кітап, түркология
Авторы: Бекен Қайратұлы, "Егемен Қазақстан"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

292

ақпарат

"Үздік сабақ-2020" байқауы

316

ақпарат

​Шетелдіктерге қазақ тілін онлайн оқытамыз

96

ақпарат

Қазақы терминді халық жасайды