Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Әлемнің алты тіліндегі антология

20.2.2020 343
Алматыдағы «Достық үйінде» «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті антологиясын таныстырды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – ­Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі болып есептелетін бұл жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма ­бюросы» қоғамдық қоры үйлестіргенін айта кету керек.

Жиынға шығармалары әлем тілдеріне аударылған авторлар мен аудармашылар, ҚР Мемлекеттік хатшысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

«Басты мақсат – көркем аударманың жоғары сапасын қамтамасыз ету еді. Ол үшін, ең алдымен, жобаны жүзеге асыруға 6 елдегі көркем аударма саласында тәжірибесі мол, беделді ­деген баспалар таңдалды. 60 автордың үздік туындылары енген антологиялар дүниежүзінің 5 құрлығындағы 93 мемлекеттің ірі кітапханалары, іргелі оқу орындары, мәдениет пен әдебиетке маманданған ғылыми орталықтарына таратылады» дейді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әдебиет пен өнерді қолдаудың жайын қозғады. Ал Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа бастамалар туралы айтып өтті. «Осы жылы наурыз айында Қазақстан тарихында тұңғыш рет Лондон қаласында өтетін «London Book Fair – 2020» халықаралық кітап жәрмеңкесінде төл әдебиетіміз ұлықталып, британ жұртшылығына таныстырылады. Жобаға Қазақстан Республикасының атынан қатысу Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, еліміздің мәдениеті мен интеллектуалдық әлеуетін әлемге таныстырамыз» дейді Ақтоты Рахметоллақызы.

Айта кетейік, қазақ әдебиетінің антологиялары ірі кітапхана қорлары мен ондағы ерекше кітаптарды есепке алатын WorldCat деп аталатын халықаралық библиографиялық жүйеге енген. Антологияларды алған елдер мен ұйымдардан 100-ден аса алғыс хат келген. Мәселен, Франция Президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания білім министрі Гэвин Уильямсон алғыс хатын жолдаған.
Басқосуда аударма жұмысы қорытындыланып, авторларға алты тілде жарық көрген шығармаларының жинақтары ­тапсырылды.


Тегтер: антология, Қырымбек Көшербаев, Ақтоты Райымқұлова, Рауан Кенжеханұлы, Лондон
Авторы: Қ.Серікқызы​, "Ана тілі" газеті

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

35

ақпарат

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

96

ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДА 13 ШІЛДЕ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

125

ақпарат

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫП, ТІЛ ҮЙРЕН!» АКЦИЯСЫ