Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұсыныс. Талқы. Нәтиже

20.2.2020 921
Төрт жұмыс тобының кеңейтілген кеңесі өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіруге байланысты тапсырмасына орай бүгін 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Латыннегізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» атты кеңес өтті. Бұл ғылыми жиынға Мәдениет және спорт вице- министрі Н.Дәуешов, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистріліктері және Тіл саясаты комитеті өкілдері мен Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық, Сараптама және техникалық жұмыс топтарының мүшелері болып табылатын ғалымдар қатысты.

Жұмыс топтарының бірлескен кеңесінде үш әліпби жобасын талқыланды. Атап айтқанда, бұған дейін бекітілген алайда жетілдірілу қажеттігі туындаған акут нұсқасы, баламалы негіздегі умлаутты әліпби жобасы және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдар тобының әліпби жобасы. Алғашқы екі әліпби жобасы 14 ақпанда Тіл комитетінің ұйымдастырумен аймақтағы тіл басқармаларының үйлестіруімен республикалық көлемде филолог ғалымдар мен әдіскерлер, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының тіл мамандары арасында ашық талқылаудан өтті. Үшінші жоба әлеуметтік желілерді талқыланды. Аталған әліпби жобаларының қайысы қолдануға тиімді екенін анықтау мақстында ҚР Білім және ғылым министрлігінде оқушылар мен студентер арасында әліпби жобалары бойынша сынама-сауалнама жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі UNICODE-қа сәйкестігін, Банктер банк жүйесінде қолданысқа ыңғайлылығы, «Нұр Отан» жастар қанатында әліпби жобалары бойынша сынама-семинарлар, сараптау жұмыстары жасалып, БАҚ-та әліпбиді жетілдіруге байланысты 90-ға жуық мақала жарық көрді.

Кеңейтілген кеңесте осы талдаулар мен талқылаулардың қорытындылары, ұсыныстар және сынама жұмыстарының, нәтежелері сараптамалары жинақталып баяндалды. Ғалымдар әліпбиге қойылатын мынадай талаптар негізінде қазақ тілінің барлық дыбыстарының қамтылуы; «бір дыбыс - бір таңба» қағидатының сақталуы; қосымша диакритикалық белгілердің сабақтастығы мен жүйелілігі; латын таңбаларының және диакритикалардың қазақ тілінің дыбыстары сипатына сай болуы; әліпбиде ғылыми негізділіктің сақталуы; әліпби таңбаларының Халықаралық фонетикалық әліпби жүйесіне сәйкестігі; әліпби таңбаларының UNICODE жүйесіне сай болуы; қазақ тілінің төл табиғатына сай әліпбилік реттіліктің сақталуы.

Бірлескен кеңесте әліпбидің үш жобасы бойынша арнайы баяндамалар жасалып, ғылыми талқылау өткізілді. Кеңес әліпби жұмысын қортындылай келе талқыланған жобалар арасынан лайықты деп танылған әліпби жобасын Ұлттық комиссияға ұсынылатын болады.

Тегтер: латын, жаңа әліпби, кеңес, отырыс, өтті
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

80

ақпарат

АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА

73

ақпарат

ТЕРМИН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮРТКІ БОЛЫҢЫЗ

134

ақпарат

ҮЗІК ОЙЛАР, ҮМІТ ОЙЛАР