Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары басталды

10.2.2020 257

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары және қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстары басталды.

Шараның мақсаты - жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету. Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, қарапайым мәтіндерді аударуды, суретке қарап сөйлемдер құрастыруды, өзінің қайда тұратыны, жұмысы мен өзіне таныс адамдар туралы жай сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады. Сол сияқты тіл дамыту сабақтарында мақал-мәтелдерді, әндерді қазақ тілінде тыңдайды.

Жалпы курстарға жылдың соңына дейін 440 адам қатысатын болады.

Курсқа 61-84-88, 32-62-37 телефондары арқылы жазылуға болады.

Тегтер: Павлодар, латын, тіл үйрету курсы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

55

ақпарат

Байқауға қатыс, бәсекеге бейім бол!

68

ақпарат

Әліпбиге диакритикалық таңбалар қажет пе?

110

ақпарат

Әліпбидегі әріптерді қалай үйренеміз?