Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оралда өзге ұлттар Абайды оқып жарысты

6.2.2020 391
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай өзге ұлыс өкілдері арасында Абай оқулары байқауы өтті.

Байқау барысында Абайдың мұрасынан нәр алған жастар ақынның білім, ғылым, өнер, махаббат, адамдық туралы өлеңдерін оқыды. «Желсіз түнде жарық ай», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да...» «Көзімнің қарасы» әндерін әуелетіп шырқады. Қатысушылар арасында орыс, татар, украин, өзбек, урдмурт, корей жастары болды.

Байқау қорытындысында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу номинациясы бойынша Людмила Дейна – жүлделі І орынды иеленді. Руслана Хван – ІІ орынға шықса, Мәдина Артаева ІІІ орынды жеңіп алды. Ақын әндерін орындау бойынша Алина Нұрқатова І жүлделіні алса, Наталья Евсюкова мен Анна Латышова - ІІ орынға тұрақтады. Ал Лилиана Батталова мен хор ұжымы ІІІ орынды иеленді. Өзге қатысушылар да алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапаталды.

-Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов: «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі» деген еді. Бүгінгі жастар Абай сөзін оқып қана қоймай, көңілге тоқып, даналық ойларын жүрекпен түсінгенін айқын байқатты. Соған ризамыз, дейді филолог ғалым, қауымдастырылған профессор Рита Сұлтанғалиева.

Тегтер: Абай, Абай 175 жыл, Орал, байқау
Авторы: "Егемен Қазақстан" газеті

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

88

ақпарат

ЕЛІМІЗДІҢ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДАМЫЗ НҰР-СҰЛТАН

100

ақпарат

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

118

ақпарат

ҚОШ БОЛ, ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒА!