Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Президент: Абайды Қазақстанның бренді ретінде әлемге кеңінен таныстыру қажет

9.1.2020 342
Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттау керек екенін жазады.

«Абай өзінің қара сөздерінде адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани биікке құлаш сермеп, алысқа қанат қаққанын көрсетеді. Оның қара сөздерінің арқауы – кісілік, мәдениет, ізгілік. Хакім Абайдың қара сөздеріне балама еңбек іздесек, француз ойшылы Монтеньнің жазбалары ойға оралады. Десек те, Монтень өз болмысы мен адам тұлғасы жөнінде көбірек ой толғаса, Абай қара сөздерінің басты миссиясы – ойлану, өзгеге ой салу, мақсатты ұстанымға айналдыру. Демек, ұлы ойшылдың қара сөздері – аса құнды еңбек» деп жазды Президент «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік мәдениетте Абайды жоғары дәрежеде таныту қажет екенін жазды.

«Дүние жүзінде ғылым мен білімнің түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосып, бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар баршылық. Мысалы, Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық» делінген мақалада.

Президенттің айтуынша, ең алдымен Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек.

«Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы», деп жазды Қ.Тоқаев.

Тегтер: Абай тұлғасы, Абай ақын, Абай 175 жыл, Абай Құнанбаев
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

35

ақпарат

​Ауызша сөздің тілтанымдық негізгі терминдері

117

ақпарат

Ц дыбысына С әрпін алу керек пе?

83

ақпарат

Әдеби тіл нормасы қалай өзгереді?