Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«NurOtan» тіл саясаты мәселелерін талқылады

24.12.2019 822
Кеше «Nur Otan» партиясының ғимаратында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік тіл мәселесі бойынша жұмыс тобының бейнебайланыс режиміндегі отырысы өткізілді.

Отырысқа жұмыс тобының мүшелері, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жергілікті Тілдерді дамыту басқармалары мен тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеухан төрағалық еткен жұмыс тобының отырысында келесі мәселелер талқыланды:

- «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік тіл мәселесі бойынша жұмыс тобының қызметі жайлы;

- мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруі міндетті кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесін заңды түрде бекіту туралы;

- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңындағы «Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi» деп аталатын 21-баптың орындалуы туралы;

- мемлекеттік тіл оқыту орталықтары жұмысының тиімділігі туралы.

Тегтер: Нұр-Отан, NurOtan, Тіл саясаты, Тіл саясаты комитеті
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

42

ақпарат

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

96

ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДА 13 ШІЛДЕ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

131

ақпарат

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫП, ТІЛ ҮЙРЕН!» АКЦИЯСЫ