Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Мемлекеттік бағдарлама мақұлданды

20.12.2019 2725
Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мақұлданды.

Бағдарламаның басты мақсаты –қазақ тілініңмемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» құрылады, Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйретуге және ілгерілетуге арналған «Абай институты» оқыту-танымдық жобасы жүзеге асырылады.«Кинематография туралы» ҚР Заңына фильмді Қазақстан аумағында таратуға рұқсат беретін прокаттық куәлік беру үшін оның міндетті түрде қазақ тіліндегі дубляжының немесе түпнұсқасының болуын және бірмезетте прокатқа шығаруды талап ететін өзгеріс енгізіледі. Кинотеатрларда прайм-тайм уақытында фильмдердің қазақ тіліндегі көрсетілімін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданатынын атап өткен жөн.

Сондай-ақ Бағдарлама аясында қазақ тілінің терминологиялық қорын жүйелендіру, оқыту және үйрету әдістемесін әзірлеу және қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін IT технологиялар мен ақпараттық кеңістікке бейімдеу, көрнекі ақпаратта тіл нормаларының сақталуын қадағалау жұмыстарын күшейту, ономастикалық атауларды ретке келтіру, «Электрондық үкімет» аясында электрондық қызмет көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын кеңейту шаралары іске асырылатын болады.

Қазақстан аумағына әкелінетін және ел аумағында өндірілетін техникалық құралдар (компьютерлер пернетақталар және т.б.), сондай-ақ әзірленетін мобильді қосымшалар мен сайттардыңинтерфейсінде қазақ тілінің және қазақ әріптерінің болуын қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жоспарлануда.

Бағдарламада мемлекеттік тілдің халықаралық қызметте қолданудын қамтамасыз етуге, бизнес-ортада қазақ тілінің қолданылу деңгейін арттыру мақсатында қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға ерекше көңіл бөлінген.

Жалпы халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларындатіл заңнамасы талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін болады.

Тегтер: Мемлекеттік бағдарлама, қазақ тілі, тіл туралы, Тіл саясаты комитеті
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

42

ақпарат

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

96

ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДА 13 ШІЛДЕ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

131

ақпарат

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫП, ТІЛ ҮЙРЕН!» АКЦИЯСЫ