«Латын графикасына көшу жұмыстарының нәтижесі және алдағы міндеттер» атты жұмыс топтарының біріккен отырысы өтеді

«Латын графикасына көшу жұмыстарының нәтижесі және алдағы міндеттер» атты Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологоиялық және Сараптама-техникалық жұмыс топтарының бі...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

13 желтоқсан, 2019

Өтетін күні, уақыты: 2019 жыл, 18 желтоқсан. Сағат 11.00.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 14 Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, конференц залы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылы 18 желтоқсанда «Латын графикасына көшу жұмыстарының нәтижесі және алдағы міндеттер» атты Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологоиялық және Сараптама-техникалық жұмыс топтарының біріккен отырысы өтеді.

Отырыстың мақсаты – Ұлттық комиссия жанынан құрылған 4 жұмыс тобының латын графикасына көшу бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылау. Жұмыс тобы мүшелеріның әдістемелік құралдар әзірлеу есебін тыңдау.

Отырысқа ҚР Парламенті Сенетының депутаты М. Бақтиярұлы, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешов және Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық, Сараптама-техникалық жұмыс топтарыны мүшелері қатысады.

Байланыс телефондары: 8(7172) 277138, +7 7076837541, +77758182772


Баға беріңіз