Журналистерге арналған семинар өтті

​Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 28 қараша күні Н...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

29 қараша, 2019

Семинар-кеңестің мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатыныс тілі ретінде қалыптасу бағытындағы жұмыстардың бір саласы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісіндегі бұқаралық ақпарат құралдары мен сол сала қызметкерлерінің алатын орны мен атқаратын рөлін анықтап, пысықтау, БАҚ артылатын міндеттерді белгілеу әрі насихаттау.

Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі үлкен маңызға ие. Семинар барысында латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымы, емле нормаларының ғылыми негіздері баяндалды.

Семинар-кеңесте қазақ тілінің жаһандану үдерісіндегі латын графикасына көшудегі логикалық мағынасы, қазақ тілінің дамуындағы оның рөлі мен маңыздылығы қозғалды. Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа ретіндегі жаңа әліпбиге көшу барысы, осыған қатысты атқарылған шаралардың қорытындысы, алдағы міндеттер, жұртшылық арасында бұл реформаға қатысты жүзеге асырылған жұмыс нәтижелері сөз болды. Әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тетіктерін іске қосудың жолдары анықталып, қоғамдық өмір салалары мен құрылым өкілдеріне арналған әліпби реформасы мен БАҚ-тың осы үдерістегі рөлі туралы пікірлер талқыланды.

БАҚ қызметкерлеріне қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы сарапшы ғалымдар мен мамандар жан-жақты баяндалды. Жаңа емле ережелерінің жазудағы жаңашылдығы түсіндіріліп, БАҚ қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар берілді.

Семинар-кеңеске орталық газеттер, журналдар, ұлттық және жекеменшік телеарналардың журналистері мен тілшілері, әртүрлі мекемелердің баспасөз хатшылары мен бұқарамен жұмыс жүргізу мамандары, тіл мамандары және қазақ тілінің болашағын ойлайтын тіл жанашырлары қатысты.


Баға беріңіз