Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Көркемсөз оқу шеберлері» конкурсы қорытындыланды

20.11.2019 248
Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы 2019 жылдың 15 қараша күні Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Орталықтың 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, талантты жастар арасында «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық конкурсын өткізді.

Конкурс төмендегідей кезеңдер бойынша өткізілді:

1.Прозалық шығарма оқу;

2.Поэзиялық шығарма оқу;

3.Драмалық шығарма оқу.

Конкурс қортындысы бойынша өзгелерден дара көрінген Алмалы ауданы атынан шыққан Искаков Ержан Ерланұлы бас жүлдемен (200 000 теңге) марапатталса, 1 орынды Жетісу ауданынан Әбдіхан Абзал Даниярұлы (150 000 теңге), 2 орынды Бостандық ауданынан Шүкіман Ілияс Еркінұлы (100 000 теңге), 3 орынды Жетісу ауданынан Әбділда Махамбетәлі Амантайұлы (70 000 теңге) қанжығасына байлады. Ал «Мәнерлі сөз» номинациясына Медеу ауданынан шыққан Бодаубек Айкүн Айбатқызы (35 000 теңге), «Мағыналы сөз» номинациясына Түрксіб ауданынан Сағатбек Айбек Әбуұлы (35 000 теңге) ие болды. Оқ бойы оза шапқандардың қатарын Бостандық ауданынан Зәкенов Қуандық Қайратұлы (30 000 теңге) мен Алатау ауданы атынан шыққан Тәттібек Индира Рүстембайқызы (30 000 теңге) ынталандыру сыйлығымен толтырды. Одан өзге Нұғман Нұрғали Мұратұлы, Яркүл Айгүл Еркінбекқызы, Жанғабоев Нұрбек Серикболұлы, Қасым Дүйсехан Анарбайұлы, Мырзакелді Еркемай, Елдар Нұрсұлтан Ғалымұлы, Ибрахим Еркебұлан Ибрахимұлы, Таңат Ақнұр Ерғалиқызы, Амангелдіұлы Ғалым,Сағымданова Гүлден Ақансеріқызы, Зарипов Бейбарыс Бердібекұлы алғыс хаттар иеленді.

Тегтер: БАЙҚАУ, Көркемсөз, ТІЛ
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

88

ақпарат

Журналистерге арналған семинар өтті

161

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізудің тиімді әдістері

418

ақпарат

Атауларды жазудың ереже жобасы талқыланды